«САРЫАРҚА» ШАҒЫНАУДАНЫНА ЖОЛ САЛУ БАСТАЛАДЫ
Өткен жылы Орал қаласында жол құрылысы бойынша 50 шақырымды құрайтын 50 көшенің жолы жөнделді. Биыл 500 млн. теңгеге жол жөндеу жұмыстары жалғасады. Соның ішінде «Сарыарқа» шағынауданының ішкі жолдарын жөндеу басталады. Бұл туралы бүгін Деркөлде өткен есептік жиында Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев мәлім етті.

Орал қаласындағы жолдың жалпы ұзындығы – 616 шақырым. Оның 58 пайызы асфальтбетон жабынды. Есепті мерзімде жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі асфальтбетон жабынды автокөлік жолдары 76,16 пайызды құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7,36 пайызға артық.
– 7,5 млрд. теңгеге 50 шақырымды қамтитын 50 көше жолы жөнделді. 30 әлеуметтік нысанға баратын жол қамтылды. 300 млн. теңгеге «Үміт» шағынауданындағы Белинский, Космановттар, Гоголь, Хорошикина көшелері бойынша 2000 метрлік жол салынды. Космонавттар, Хорошкина көшелеріне тротуар төселді. Сондай-ақ «Сарыарқаға» кіреберіс жол жасалды. ТЖЖ-2-ге жол салу биыл да жалғасады, – деді қала басшысы.

Өткен жылы «Көкжиек» шағынауданына кіреберістегі 3,5 шақырым жол салынған болатын. С.Лазо көшесінен Маштаковқа дейін және Бараев, Латышский көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. «Көкжиектегі» 22 көшенің жаяу жүргіншілер жолы құрылысы аяқталды. Западный, Центральный көшелеріне және Ветелки ауылының жолына қиыршықтасты қоспа төселіп, Ветелки ауылына және №29 мектептің ауласына, Центральный көшесіне тротуар салынған.
Қала әкімінің сөзінше, бүгінде «Сарыарқа» көшесінің 48 көшесі жолдарының жобалық-смеатлық құжаттамасы дайын. Бірінші кезекте қоғамдық көлік жүретін жол жасалады. Қалған ішкі жолдары кезең-кезеңімен салынатын болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу