8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2020 1069 0
Қалалықтар қаперіне

«SAQBOL» ҚОСЫМШАСЫ COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫН АЗАЙТАДЫ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында «Saqbol» мобильді қосымшасын ұсынды.

Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 үшін оң нәтиже көрсеткен азаматқа соңғы 14 тәулік бойы екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде қосымшаның басқа пайдаланушыларымен байланысы туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді.

Басқа құрылғылармен өзара іс-қимыл жазбаларын сақтау үлгісі шифрланған болады.

«Saqbol» қосымшасын қолдануға, біріншіден смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді.

Бағдат Мусиннің айтуынша, қосымша азаматтарды жұқтыру қаупі бар туралы уақтылы хабардар етуге және инфекцияның таралуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

«Барлық қазақстандықтарды осы қосымшаны белсенді түрде пайдалануға, мұқият және жауапты болуға шақырамын. Осылайша, індет ошақтарын барынша оқшаулап, Covid-19-ның таралуына жол бермейміз. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз және барлық жеке деректер қосымшада барынша шифрланған етіп жасадық. Бұл қосымша пайдаланушылардың басым түрде жасырын болуын қамтамасыз етеді», – деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

 «Қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен байланыста болған адамдарды жасырын түрде іздеуге бағытталған. Оны пайдалану үшін тіркеу қажет емес. Бағдарлама жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды және жібермейді. Хабарландыруды іске қосқан кезде, бағдарлама автоматты және жасырын түрде бұл туралы басқа пайдаланушыларға хабарлайды. Осылайша, осы қосымша азаматтардың сақтығын арттыруға және жұқтырған адамдармен байланысы туралы уақытылы хабардар етуге көмектеседі», – деп толықтырды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Хабарламаны алған пайдаланушылар қосымшада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан әрі іс-қимылдары туралы ұсынымдарымен таныса алады.

Бұдан басқа, пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында қосымшаға өзін-өзі анықтаудың COVID-19, i-Doctor, i-Teka ресми боттары, сондай-ақ Қазақстан бойынша COVID-19 өзекті статистикасы сияқты сервистер біріктірілген.

«Saqbol» қосымшасын әзірлеуші «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып табылады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
34 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
125 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
348 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
835 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1213 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1124 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1572 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2187 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2354 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2360 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2412 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2414 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2041 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2895 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2949 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2944 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3526 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3514 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3491 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3652 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»