8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2022 1873 0
Қоғам

САПАЛЫ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІММЕН ҚАМТУ КЕРЕК

Облыс әкімдігінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар тапсырманың орындалу барысы талқыланды.
Соның бірі-білім беру, денсаулық сақтау саласындағы тамақтандыруды ұйымдастыру.
Кеңесте облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыру жайын баян етті. Өңірде 368 мектеп бар. Биыл оқушыларды  тамақтандыруға 1 млрд 398 млн теңге қарастырылған, оның ішінде тамақ сатып алуға 587 млн теңге, ыстық тамақ ұйымдастыру қызметіне 811 млн 68 мың теңге бөлінген.  «368 мектептің  327-сінде ыстық тамақ беру ұйымдастырылса, соның 111-і жалға алушымен, 55-і жеке меншік серіктестік әріптестігі аясында, 161-інде сатып алумен ұйымдастырылды. Яғни, 54186 бала ыстық тамақпен қамтылған. Мұның ішінде 1-4 сыныптың оқушылары  – 49221, аз қамтылған отбасылардың ұл-қызы  – 4965», – деді А. Мыңбаева.  Бүгінде аз қамтылған отбасының бір баласына  күніне тамақтандыру шамасы 485 теңгені, 1-4 сыныптарда 380 теңгені құрайды. Ал №326 қаулыда аз қамтылған ұл-қыздың бір күндік межесі 642 теңге, 1-4 сыныптарда бір оқушының тамағы 567 теңге болуы керек. Облыста қаулыда көрсетілген межеден қалыс  келеміз.
– Аудандар тамақтың сапасын арттыру, қаражатты үнемдеу бағытында жергілікті тауарларды жеткізушілермен жұмыс жасағандары дұрыс. Ұн, күнбағыс майын өндірушілер бар. Бірақ көбісі ауылдық жерлердегі тамақтандыру бойынша жарияланған конкурстарға қатыспайды. Балалардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін жергілікті кәсіпкерлер өздерінің сертификаттарын алатын болса, конкурстарға қатысып, заң талаптары негізінде жұмыс істей алар еді,  – деп Айгүл Әділгерейқызы өз ұсынысын білдірді.

Облыстың бас санитары Мұқамғали Арыспаев облыстағы  мектептердегі жұмыс істеп тұрған 341 асхананың санитарлық-техникалық жағдайы нашар, мектептердің асхана жабдықтарының жаңартылмағанын, ыстық су жоқтығын айтты. Бәйтерек, Ақжайық, Казталов аудандарындағы ауылдық мектептердің бірқатар асханасы жөндеуді қажет етеді. Өткен жылы 180 мектеп асханасын тексеріс кезінде 120 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бас санитар облыс басшысынан асханалардың жағдайын жақсартуды сұрады.

Орал қаласының, аудандардың әкімдеріне білім беру басқармасы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармаларымен бірлесіп мектептердегі, балабақшалардағы, ауруханалардағы, әскери бөлімшелердегі және басқа да орындардағы тамақтандыруға қажетті азық-түлікті жергілікті өндірушілерден сатып алу бойынша үш жылдық жоспар жасақтауы керек. Мұның өзі аудан-ауылдардағы кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік болмақ. Бюджеттен тамақтандыруға 1 млрд 400 млн теңге бөлінді. Ата-аналар да өздері балаларына тамақ алуға ақша береді. Тамақтың 29 түрі бар. Сырым ауданына барғанымда, асхана мәзірінен бананды оқыдым, мұның орнына пайдалы жергілікті алма, алмұрт қосуға болады,   –   деді Ғ. Есқалиев.   Облыс әкімі аудан әкімдеріне окург әкімдерімен бірігіп, кім қандай тамақ (сәбіз, сазан, сары май, ірімшік, сүзбе, т.б.) түрін шығара алатынын зерттеуді тапсырды. Мектептерді тамақпен қамтуға бөлінген қаржының көп бөлігін  жергілікті жерде қалдыруға мүмкіндік жеткілікті екендігі айтылды. Өнімдер сапалы әрі қолжетімді болуы тиіс.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
274 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
267 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
562 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1034 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1410 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1259 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1769 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2388 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2551 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2558 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2608 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2614 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2173 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3092 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3146 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3138 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3760 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3721 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3711 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3686 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3849 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»