«САПАЛЫ ӨНІМ – 2021» КӨРМЕСІ ӨТТІ
Орал қаласында «Қала күні» мерекесіне орай «Сапалы өнім – 2021» азық-түлік өнімдерінің көрмесі өтті. Тұңғыш Президент алаңында өткен дәстүрлі көрмеге қаламыздан 20 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Аталмыш көрме 13-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков жәрмеңкені аралап, барлық қатысушылардың өнімдерімен танысып шықты. Тұрғындарды мерекемен құттықтап, жәрмеңкеге қатысқан кәсіпорындарды марапаттады.
– Бүгін міне, дәстүрге сәйкес қаламыздың әр түкпірінде әртүрлі мәдени-спорттық шаралар оздырылып жатыр. Сонымен қатар өзіміздің жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Сапалы өнім» жәрмеңкесі де лайықты жалғасын тауып отыр. Барлық кәсіпкерлерге сапалы өніммен қоса, жаңа жұмыс орындарын ашуға өз үлестеріңізді қосып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Абат Абайұлы.
Көрме соңында үздік жергілікті тауар өндірушілеріне шаһар басшысының арнайы алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, «Белес» компаниялар тобы, «Валиев» ЖК, «Нұржанар» АҚ, Колбасы Приуралье» ЖШС, «Жайық Ет», «Жастық «Орал нан зауыты» агрокешені, «Орал құс фабрикасы» ЖШС, «Ақас» агрофирмасы мен басқа да тауарөндірушілер бар.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау

Кіру
Пікір үстеу