САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Орал қаласында 9 сәуірден бастап 21 мамырға дейін санитарлық-экологиялық тазалық айлығы жарияланды.
Санитарлық-экологиялық айлық аясында қала аумағында алты рет сенбілік ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мәлімдеді.
— Алғашқы сенбілік кезінде қыс мезгілінен кейінгі қала аумағын жаппай тазалау, шағын және орта бизнес объектілерінің және автомобиль жолдарының іргелес аумақтарын жинау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Одан кейінгі сенбіліктерде аталған жұмыстармен қатар шағын және орта бизнес нысандарының қасбеттерін ақтау, сырлау және көшеттер отырғызу ұйымдастырылады. Сонымен қатар тазалық айлығы барысында Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің жағалауларын жинау шаралары оздырылады, — дейді қала әкімінің орынбасары. Оның айтуынша, санитарлық-экологиялық айлық кезеңінде абаттандыру ережелерінің сақталуы қатаң бақылауға алынады. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мониторинг тобы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп барлық нысандарға іргелес аумақтарын тазалау, қасбеттерін қалыпқа келтіру, әктеу-сырлау сияқты талаптардың орындалуын қадағалайды. Абаттандыру ережелерін сақтамаған нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, тиісті айыппұлдар салынады. М.Мүлкәй барлық қала тұрғындарын, еңбек ұжымдарын, жастар ұйымдары мен студенттерді, бизнес қауымдастықты сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырды.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев айтуынша, қала тұрғындарының сенбіліктерге қатысты кез-келген сұрақтары туындаса 109 немесе тиісті бөлімнің 51-01-14 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
—Тұрғындар сенбіліктер кезінде жиналған күл-қоқыс пакеттерін жол жиегіне жинап, жоғарыда атап өткен байланыс нөмірлері арқылы хабарлама беруіңізді сұраймыз. Жауапты коммуналдық мекемелер қаланы айналып, жол жиегіндегі күл-қоқыстарды алып кетеді. Сенбіліктер кезінде 2 полигон ашық болады. Орал—Саратов бағытындағы тас жолдың бойындағы полигон — қатты тұрмыстық қалдықтарды, Асан ауылы жақтағы полигон ірі көлемді қалдықтарды қабылдайды. Екі полигон да тазалық айлығы барысында сенбі және жексенбі күндері күл-қоқыстарды тегін қабылдайды, — деді Ж.Дүйсенғалиев.
Өз тілшіміз
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу