8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қараша 2018 2150 0
Қоғам

САНАНЫ СЕРПІЛТЕР БАСТАМА

Бүгін  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына қатысты Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлық оқытушылар құрамы ой-пікірлерін білдірді.    

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да өткен жиынды ашқан оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Түймеш Дәрішева «Руxани жаңғырудың» заңды жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілгенін атап өтіп, университет оқытушыларының Елбасы мақаласын лезде оқып, болашақ ұрпақ үшін маңызды деп біліп, жағымды пікірлерімен бөлісіп отырғанын жеткізді.

­Тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналарына сенім білдірген университет жанындағы «Рухани жаңғыру» институты директорының орынбасары, социолог Тұрар Шайхиевтың пікірінше,  аталмыш мақалада ұлы даланың жеті қыры нақты суреттелген. – Мақаланы оқып шықтым. Мұнда болашақ ұрпағымыздың тәрбиелік санасының қалыптасуына зор мән берілген. Тарихи сананы жаңғырту көзделген. Елбасы аиап өткендей, ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз, ­- дейді ол.

Жиында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты, БҚМУ-дың аға оқытушысы Мұрат Қалменов: – Елбасы мақаласында көне тарихымызға шолу жасап, алдағы мақсатымызды нақты қойып берді. Соның бірі –  Архив – 2025. Тарихымызды жинақтап, көне жәдігерлерді түгендеп, тарихи құндылықтарды дүниежүзіне паш етуіміз керек. Осы бағытта іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізу керекпіз. Сондықтан Елбасы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив — 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынды. Өңірімізде көне жәдігерлер көп. Ал атқа міну мәдениеті келсек, ең алғашқы атты қолға үйрету біздің жерімізден басталды. Грек тарихшысы Герадот жазбаларында ең алғаш рет аттың үстіне мініп, шабандоз болып жүрген сақтарды көрген. Бұл біздің қазақ даласында атты қолға үйрету тәсілдерін меңгергенін көрсетеді. Мәдени қазба жұмыстары кезінде арбаның дөңгелегінің фрагменті шықты. Бұл әрине халқымыздың тек жылқымен тікелей қарым-қатынаста ғана емес, типологияны дамытудың әдістері болғанының дәлелі, ­- деді. Ал тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаева қазақ  қоғамы үшін Елбасының әр Жолдауының мән-мағынасы зор екенін тілге тиек етіп,  бұл жолғы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы сананы бір серпілтер тың бастама болғанын жеткізді. – Қазақтың рухани жағынан өсуі бағытында жұмыстанып жүрміз. Елбасы атқа міну мәдениетіне мән берді. Ежелде қазақтың болмысында жылқы жануарының алатын орны қандай еді, қазір ше? Жасыратыны жоқ, қазақ даласында жылқыны ауылшаруашылығының брендіне айналдыра алмай отырғанымыз өкінішті. Жан ауыртатыны, қазақтың ауылдағы балалары атты мал шаруашылығына қолдану мәдениетін, ер тұрманының жасалу жолдарын  біле бермейді. Қазір ат далада бос жүреді, мал бағуға техниканы пайдаланып жүр. Малды көлікпен қуалайды. Бұл қазақ даласына жат нәрсе. Жылқының ер тұрманы да өзгеріп кеткен. Қазақтың аттан, жылқыдан алыстап бара жатқаны байқалады. Міне осының бәрі қазақ қоғамын серпілту үшін керек. Елбасы осыдан үш жыл бұрын Ұлытаудың төрінде отырып, «Қазақ халқы өз тарихын жаңа ғана үйреніп жатқан ұлт» деген еді. Расымен, біз құнды тарихи деректерімізбен жаңа қауышып жатырмыз, – дейді Бақтылы Сансызбайқызы.  Жиында ұстаздар қауымы төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болатынын айтып,  Елбасыны мақаласында айтылған орамды ойларды болашақ ұрпақ санасына сіңіруге атсалысатындарын айтты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
133 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
140 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
265 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
532 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
583 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
652 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»