8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Желтоқсан 2019 2712 0
Қоғам

САЛТАНАТ АБУЛҒАЗИЕВА: «БІЗ ІЗДЕНІС ЖОЛЫН ТАҢДАҒАН ТЕАТРМЫЗ»

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры «Хадиша әлемі» атты ішінаралық фестиваль-байқауын ұйымдастыруды қолға алмақ.

 

Театр басшысы Салтанат Абулғазиева 2020 жылдан бастап Х.Бөкеева театры өз ішінде актерлар мен режиссерларды ынталандыру, қызметкерлердің еңбегін бағалау мақсатында үздіктер мен шеберлерді анықтау үшін «Хадиша әлемі» байқауын өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Байқау келер жылдың наурыз айында өткізілмек. Әрі бұл фестивальді дәстүрге айналдыру көзделіп отыр.

Байқауда есепті мерзімде, яғни 2019 жылдың наурызы мен 2020 жылдың наурызы аралығында сахналанған жаңа қойылымдардың «Үздігі» мен «Шебер актерлар»  анықталмақ. Театр өмірін белсенді жарықтандырып жүрген журналистер де осы байқау аясында марапатталатын болады.

– «Хадиша әлемі» фестиваліне сырттан арнайы кәсіби сыншыларды шақыртпақпыз. Сыншының театр жұмысындағы атқарар рөлі зор. «Сыншы – театрдың барометрі» деген қанатты сөз бар. Сондықтан драматург, режиссер, актерлардың кәсіби шеберлігі, өнердегі тағдыры кей кезде сыншыға да байланысты. Өзгермеу, жаңалыққа ұмтылмау, әдеби кітаптарды оқымау өшу деген сөзбен пара-пар. Өзгеріс пен жаңалық енгізудің қайнар көзі – ізденіс. Біз сол ізденіс жолын таңдауға тиіспіз, – деді театр директоры Салтанат Мақсотқызы.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
142 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
385 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»