8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2019 2127 0
Өзек

САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, сонымен қатар құрылымдық және бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері саяжай алқаптарына және бау-бақша серіктестіктеріне су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды ескерту бойынша белсенді түрде рейд жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың басшылығымен «Береке», «Венера» және «Речник» саяжай алқаптарының ауданында кезекті рейд өткізілді. Профилактикалық жұмыстар барысында ТЖ қызметкерлері болуы мүмкін су тасқынына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын жасау үшін теледидардағы жаңалықтарға құлақ түріп отыруды, қосымша азық-түліктерін, киім-кешектерін, жеке төлқұжаттары мен туу туралы куәліктерін жинақтап қоюды ескертті.

Саяжай серіктестігінің тұрғындары алдын ала хабарлама және кенеттен су тасқыны болған жағдайда көмекке келгенге дейін не істеу керектігі туралы және су тасқыны кезіндегі іс-әрекет ережелері жазылған жадынамалармен бірге ақпарат алды. Сонымен қатар қауіп-қатер төнген жағдайда ТЖД қызметкерлері  саяжай серіктестігінің тұрғындарын дереу құлақтандыру және ақпараттандыру бойынша барлық әдіс-тәсілдерді қолданатынын жеткізді. Аталған шараға БҚО ТЖД-дан, жергілікті полиция қызметінен, еріктілерден 80 адам жұмылдырылып, 150 үй араланды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
125 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»