8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2024 2696 0
Қалалықтар қаперіне

Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады

 

Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады

Орал қаласындағы Венера, Речник, Труд, Газовик, Волна, Үміткер саяжайларының 200-ден астам тұрғындары өз үйлеріне оралды.


Бұдан бөлек, бүгінде су тасқынынан зардап шеккен
саяжай иелеріне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілуде. Сондай-ақ, тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдер жалғасуда.

Қазіргі уақытта Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеуде. Комиссия тексеру актілері аясында суы кеткен саяжайларды қарауда. Кезең-кезеңімен барлық саяжайлар техникалық зерттеуден өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өткен аптада саяжай тұрғындары орналасқан Орал қаласындағы эвакуациялық пункттерге барып, сондай-ақ, облыс орталығында саяжай тұрғындармен кездескен болатын.

Кездесу барысында табиғи апат салдарынан келген шығындарды өтеу механизмдеріне қатысты сауалдар көтерілді.  

Атап өтерлігі, осыған дейін тұрақты негізде саяжай тұрғындарымен кездесулер өткізілді, алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
15 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»