САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛЫП, АЗА ТҰТТЫ
Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай оралдықтар қала шетіндегі жаңа зират маңына жиналып, тоталитарлық жүйенің жендеттері жазықсыз қуғынға ұшыратып, қатыгездікпен жазаланған отандастарымыздың рухы алдында аза тұтты. Азалы жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, қала әкімі Мұрат Мұқаев, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады.
Елбасының 1997 жылғы 5-сәуірдегі Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бұл күндер халқымыздың басынан өткен төл тарихтың белгісіз болып кеткен беттерін терең ұғынуы үшін, сол қателіктердің болашақта қайталанбауы үшін қажет. Статистикаға сүйенсек, ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам мерт болған екен. Ал саяси қуғын-сүргін болған 1927-53 жылдары Қазақстанда қуғын-сүргінге 103 мың адам ұшырап, 25 мың адам атылған. Солардың арасында батысқазақстандықтар да болды.
Азалы жиында Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешіттің бас имамы Мейрамбек Әбдрахманов қуғын-сүргін құрбандарына құран бағыштады. Орал епархиясы әйелдер монастырының игумені Стефан Капинос христиандық діни рәсім-жоралғысын орындады. «Бүгін барша еліміз үшін айрықша күн. Сонау, өткен ХХ ғасырдың отызыншы жылдары «халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жүргізілген саясаттың салда-рынан талай боздақ қуғынға ұшырады, тіпті олардың жақын-туыстары да жапа шекті. Бүгін біз солақай саясаттың құрбаны болған қазақтың ұл-қыздарын еске алу үшін жиналдық. Жастарымызды тарихты ұмытпауға тәрбиелеуіміз керек. Зорлық пен зомбылық көріп көз жұмған бауырларымыздың ерлік күресі, қастерлі есімдері ешқашан ұмытылмақ емес. Олардың рухын қастер тұтып, басымызды иеміз» деді БҚАТУ доценті Болатқали Төлебаев.
Бұдан соң жиналғандар саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жиын соңында облыс әкімі Алтай Көлгінов Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қайта жаңғыртылатынын жеткізді.


Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу