8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2020 1389 0
Қоғам

СҰРАПЫЛ ЖЫЛДАРДЫҢ ҚҰПИЯСЫНА ҮҢІЛІП…

 30 қарашада қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов «Батыс Қазақстан – Ұлы Отан  соғысы жылдарындағы майдан тылы (әскери-тарихи аспект)» тақырыбында зерттеу жұмысы бойынша өңірге келген ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы  атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің докторанты, подполковник А.Алдабергенованы қабылдады.

Тарих шежіресіндегі екінші дүниежүзілік соғыста Батыс Қазақстан майданның ең жақын тылы болды. Сталинград майданының отына шарпыған Жәнібек, Сайқын және Шоңғай стансалары туралы деректер әлі де ашық жарияланбаған.  Осы мақсатта ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы  атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің  докторанты, подполковник А.Алдабергенова  тарих ғылымдарының докторы С.Мұхамеджанованың ғылыми жетекшілігімен зерттеу жүргізуде.

– Өкінішке  орай, бүгінде Қазақстанның ресми тарихнамасы Қазақстанды майдан түбіндегі аймақ ретінде  мойындамайды. Әр түрлі ақпараттарда 1942-43 жылдардағы Сталинград шайқасы кезінде  Орал қаласы, Жәнібек, Сайқын, Шоңғай елдімекендері фашистік бомбалауға ұшырағаны, ол жерлерде  фашистік диверсанттар тобы жұмыс жасағаны айтылады.  Сол кезде Қазақстан аймағында Сталинград майданының 120 бөлімі орналасқан деген ақпар бар. Менің  мақсатым – осы әскери бөлімдер туралы мәліметтерді жинақтау. Олар қандай әскери бөлімдер, қандай мақсатта, қандай тапсырмаларды орындағанын анықтау. Осы өңірдегі өлкетанушы Павел Букаткин бұл жөнінде «БҚО – Сталинград майданының жақын тылы» тақырыбында диссертация жазған. Мен сол кісінің бастамасын іліп әкеттім десем де болады. Өйкені 1963 жылы архивтегі құжаттардың барлығы құпия болды. Бірақ, қазір, міне, Жеңіс туының желбірегеніне – 75  жыл өтті. Құпиялардың ашылатын кезі келді деп ойлаймыз. Келер жылдың маусым айында Подольск қаласына баруды жоспарлап отырмын. Онда Сталинград майданына қатысты барлық материалдар сақтаулы.  Тарихымыз үшін құнды ақпараттар табамын деген ойдамын, – дейді Амангүл Мұстафақызы.

Кездесу барысында  қала әкімінің  орынбасары Бақытжан Нарымбетов Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында тарихшы-өлкетанушылар, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жобалар  туралы хабардар етті.

– Қорғаныс бөлімінің мәліметінше, 80 мыңнан астам адам біздің өңірден соғысқа қатысқан екен. Бұл бағыттағы іздеу жұмыстары әлі  де жүргізілуде. Тарихи деректердің  кейбір құпиялары енді ашылып жатыр.  Тасқала ауданында Сергей Владимирович бастаған іздеуші топ, Айболат Құрымбаев, Ахмедияр Батырханов сынды өкетанушылар үлкен жұмысты алға жетелеп келеді. Осы ретте Ұлттық қорғаныс университетінің біздің өңірдің тарихшы-өлкетанушыларымен бірге жұмыстанып, қолдау көрсетіп, жәдігерлерді жинақтауға және оларды ғылыми жұмыс аясында  елге  танытуға мүмкіндік жасап жүргеніне қуаныштымыз,  – деді Бақытжан Хаберұлы.

Зерттеуші-подполковник Амангүл Алдабергенованың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы әскери-тарих музейінде Батыс Қазақстан облысына арналған экспозиция ашылған. Экспозицияны жасақтауда батысқазақстандық белсенді із кесушілердің  рөлі ерекше.  Олар тапқан соғыс жәдігерлері  осы музейге қойылған. Соғыс кезіндегі Жәнібектегі стансаның көрінісі бейнеленген диорама дайындалған. Осы ретте  ҚР Қарулы күштері мемлекеттік  әскери-тарихи музейінің қорын құнды жәдігерлермен толықтыруға, халқымыздың тарихи-рухани мәдени мұраларын насихаттауға және музей ісін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ахмедияр Батырхановқа, Марат Ізімғалиұлына, Жайсаң Төлегенұлына және Сергей Владимировичке ҚР Қарулы күштері әскери-тарихи музейінің бастығы, подполковник Н.Асиловтың  және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-лейтенант С.Қамалиденовтың атынан алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ мейманға биыл қала әкімдігінің бастамасымен шығарылған майдан шежіресінен сыр шертетін «Орал қаласы – сұрапыл соғыс жылдарында» кітабы ұсынылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
83 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
298 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
786 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1162 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1087 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1523 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2138 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2305 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2311 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2362 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2365 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2004 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2847 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2899 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2896 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3505 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3475 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3464 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3443 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3603 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3650 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»