Сұлулық тазалықты талап етеді!..
Қазіргі таңда сұлулық салондарына әйелдер мен ерлер жиі барады. Алайда, бұл мекемелерде тұтынушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығы әрдайым басты назарда болуы тиіс. Өкінішке орай, сұлулық индустриясында да бірқатар өзекті мәселелер бар,-дейді Орал қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасының
жетекші маманы Ж. Мерекина.
Кәсіби маманның айтуынша, кейбір сұлулық салондары құрал-жабдықтарды дұрыс залалсыздандырмайды. Бұл инфекциялық аурулардың (мысалы, гепатит В, С, тері инфекциялары) таралуына әкелуі мүмкін. Кейбір мамандар арнайы білім мен тәжірибеден өтпей-ақ қызмет көрсетеді. Бұл клиенттердің терісіне немесе шашына зиян келтіруі мүмкін. Сапасыз бояулар, химиялық заттар немесе стерильді емес құралдар да тұтынушыға қауіп төндіреді. Сұлулық салондары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының нормаларына сай жұмыс істеуі қажет.
Айталық, маникюр және педикюр жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға мыналар жатады: педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртілуі тиіс. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң жуу құралдары арқылы өңделу керек. Тері, сілемейлі беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажбен жұмыс жасамас бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлерді зарарсыздандырыңыз! Маникюрге, педикюрге арналған құралдарды, сондай-ақ шығыс материалдарын микроорганизмдермен екінші рет контаминацияны болдырмайтын жағдайларда сақтай отырып, бу, ауа немесе химиялық стерилдеу әдісімен стерильдеу керек. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жарық болу керек. Қызметкерлердің арнайы киіммен жұмыс істеуі тиіс. Жеке
гигиенаны сақтап, қызмет көрсететін мамандардың медициналық тексеруден өтуі және тиісті сертификаттары болуы қажет. Жұмыс орнын таза ұстау және бөлмені желдетіп отыру керек.
Сұлулық – денсаулықпен бірге жүруі тиіс. Сұлулық салондарына барған кезде тұтынушы ретінде санитариялық талаптарға назар аударыңыз!
«Жайық ҮНІ»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру