8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2019 7226 0
Қоғам

СҰЛУЛЫҚ СЫЙЛАЙТЫН САЛОН

       Бүгінгі таңда адамдардың, әсіресе нәзік жан иелерінің сырт келбеті оның өзі жайлы жағымды пікір қалыптастыратын ең басты фактор екеніне ешкім дауласа қоймас. Соның арқасында сән саласының шеберліктері толысып, түрлі қызмет түрлерін өмірге әкелуде. Орал қаласында да қыз-келіншектерге әдемілік сыйлайтын орындар баршылық. Жақында солардың қатары Зашаған кентіндегі Көктем шағынауданынан ашылған «Гүлнафис» атты тағы бір салонмен толықты.

 

Ақпан айының алғашқы күні ашылу салтанатын жасаған аталмыш салон аз уақыт ішінде тұрақты клиенттерін тауып үлгерген. Салонның негізін қалаған Гүлмира Бақтығалиқызы кәсіптің бұл түріне бала кезінен қызығыпты.

– Жастайымнан өз кәсібімді ашсам деп армандайтынмын. Зашаған кентінде халықтың сұранысын толық қанағаттандыратын сұлулық салондары жоқтың қасы. Сол себепті қыз-келіншектерге барлық қызметтің түрін көрсететін, көптің көңілінен шығатын салон ашу көптен ойымда жүрді. Сол арманым жүзеге асып,  осыдан екі ай бұрын қызымның есімімен «Гүлнафис» салонын аштым. Салонға кірген адам шаш пен қасты қиып, тырнағын бояп, кірпігін ұзартып хас сұлуға айналады. Қазір қарапайым қонақтыққа бару үшін  салон қызметіне жүгінетін болдық. Менің  мақсатым – әр  тұтынушыға сапалы қызмет көрсету. Ол  үшін уақытпен санаспай  жұмыс жасап, тәжірибе жинадым. Қасыма іскер, еңбекқор қыздарды алып, ісімді бастадым, – дейді Гүлмира.

Гүлмираның  мамандығы дизайнер болғандықтан жаңашылдыққа жаны құмар, үнемі өзгелерден ерекшеленіп жүргенді қалайды.  Ол 13 жыл мектепте технология пәнінен сабақ беріпті. Түрлі  додаларда киім үлгісін дайындаудан топ жарып шыққан шәкірттері жетерлік. Еңбегінің нәтижесін айқындайтын дипломдары сөресінде самсап тұр. Мұғалімдік мамандықты осыдан үш жыл бұрын бизнеске айырбастаған ол жеке кәсіп  ашып, елдің алғысын алып жүр.   «Гүлнафисте» шаш қию, шаш бояу, сәндеу, кірпік жапсыру, тырнаққа манюкюр, педикюрдің түр-түрі жасалады. Мамандардың бәрі дерлік өз ісінің шеберлері, тәжірибелі. Келушілерді уақытымен қабылдап, көңілінен шыға біледі. «Егер өз жұмысыңды жаныңмен жақсы көрсең, бар ынтаңмен беріліп жасасаң кәсібің нәтижесін береді. Алдағы уақытта қызметкерлерімді тәжірибе алмасу үшін түрлі оқуларға, семинарларға жіберуді ойлап жүрмін. Халықтың сұлулық салонына жиі келгенін, әсіресе әйелдердің өзіне қарап жүргенін қалар едім. Мұнда олардың сыртқы көрінісін тартымды етеміз. Үлкен жаста  болса да  жаңаша келбет сыйлаймыз. Шаштаразда сапаға емес, санға мән береді. Ал салонның одан айырмашылығы, мұнда бәрі кешенді түрде жүргізіледі. Шеберлер клиентке не істеу керектігін толығымен түсіндіреді, – дейді Гүлмира Дәулетова.

Сұлулық салонына барған жан ең бірінші ойындағыдай шаш үлгісі мен бет-әлпетін жасартқысы келеді. Ол үшін клиент қандай салонға баратынын өзі таңдайды. Көңілінен шықса сол жердің тұрақты клиентіне айналады, шықпаса басқа салонға кетеді. Сондықтан, тұтынушының таңдау еркін жаулап алу үшін салондар да барын салып жатады. Біз барған сәтте бесаспап маман Гүлдана Жұмағалиеваға келушілер көп екенін байқадық. Он жылдық тәжірибесі бар шебер шаш бояп, бет әрлеп, арасында  соңғы үлгімен  шаш сәндеуде.  Бақтыгүл Жұмағазиева ерлердің де, әйелдердің де шашын қия алатынымен көзге түссе, ерлер шаштаразы Әбілхайыр Мұратов, тырнақ сәндеуші, кірпік жалғайтын Мөлдір Оразғалиевалар да жұмысына бар ынтасымен кірісті. Жалпы салонда бес  қызметкер жұмыс істейді.  Бұлардың барлығы  келушілерді жылы қарсы алып, ізетпен шығарып салуға дағдыланған. Ұлыстың күніне орай сән салонына келушілерге ыстық шәй,  ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынылды. Осының өзі ұйымшыл ұжымның әр тұтынушыға айрықша құрметпен қарайтынын көрсетеді.

– Бізге клиенттер күні бұрын  келіп жазылады. Қызмет көрсететін бағаларымыз прейскурантта жазулы тұр. Олар телефонмен әкімшілікке қандай сән үлгісін жасатқысы келетінін айтады. Сырттан келушілерге де  түсіндіреміз. Қысқасы, біз сән әлеміне енген жаңалықтан құр қалмауға тырысамыз, – дейді салонның әкімгері Ботагөз Давлетова.

Бүгінде шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көп мүмкіндік қарастырылған. Соның арқасында ауданда көптеген кәсіпкер өз ісін ашып, өздерімен қатар өзгені де жұмыспен қамтып отыр. Осылай деген Зашаған кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Шыныбеков бұл игі бастаманы қолдайтынын жеткізді. – Қазіргі таңда кентте 14 сұлулық салоны бар.  «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, еңбекқұмарлығы мен табандылығының арқасында кәсібінен нәсібін көруді көздеген жанның бұл ісі көпке үлгі болары сөзсіз, – дейді Нұрболат Абайұлы.

Гүлмираның болашаққа құрған жүйелі жоспарлары аз емес. Отағасы Нұрбек жұбайының әр бастамасына қолдау білдіріп келеді. Бүгінде бақытты отбасында екі ұл мен инабатты қыз өсуде. Кәсіпкерлікке мықтап бетбұрған кейіпкеріміз болашақта өз ісін кеңейтіп,  әлі талай жобаларды дүниеге әкелсем дейді. Кенттегі кәсіпкерлікті дамытып, ел экономикасының өсіп-өркендеуіне үлесін қосып жүрген Гүлмираға тек сәттілік тілейміз.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА                                   

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
111 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
332 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1195 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1112 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1555 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2170 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2338 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2344 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2397 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2879 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2932 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2928 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3538 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3510 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3496 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3475 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3636 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»