Сүйінші хабар! АКТЕР ҒЫЛЫМИ АТАҚ АЛДЫ!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен 2022 жылы 18 наурыздағы №101 бұйрық бойынша Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белгілі қызметкері, талантты актер әрі режиссер
Ахманов Мұрат Ноянбайұлына қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Ақ Жайық өңірінің бір топ зиялы қауымы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында көп жылдар қызмет атқарып, театрдың өркендеуіне зор үлес қосқан танымал тұлғаны ғылыми атағымен құттықтайды!
Мұрат Ноянбайұлы Ахманов 1959 жылы 1 маусымда Алматы облысы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Алматы театр-көркемсурет институтын (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік, 1998 жылы режиссерлік бөлімін бітірген. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998). «Құрмет» орденінің иегері (2012). республикалық фестивальдердің 4 дүркін бас жүлделердің иегері.
1976 жылы Қазақ ән-би ансамбілінде биші. 1984-1993 жылдары -Талдықорған облысы драма театрында актер, қоюшы-режиссер қызметін атқарған. 1999-2001 жылдары Жезқазған музыкалық драма театрының бас режиссері. 2001-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы драма театрының бас режиссері. 2005 жылдан Алматы облысы драма театрының директоры – көркемдік жетекшісі. М.Ахманов 30-ға тарта рөлде ойнап, 20-дан астам спектаклді сахналады. Ол қойған С.Асылбековтің «Бір түнгі оқиға» спектаклі – VI республикалық, Ә.Тәжібаевтың «Алтын күмбез» тарихи драмасы X респубилкалық фестивальде бас жүлде алды.
Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру


Пікір үстеу