8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2022 1347 0
Оқиға

Сәбилерімізді сақтайықшы?!

IMG_8926

Бүгін екі жасар бүлдіршіннің үстіне теледидар құлап кеткені жайлы БАҚ – да жиі айтылуда. Сәбидің жағдайы әлі ауыр көрнеді.
Естеріңізге сала кетейік, Бәйтерек аудандық ауруханасында кішкентай қыз баланың үстіне теледидар құлап кеткен болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Айнагүл Сақболсынованың таратқан мәліметіне сүйенер болсақ, қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінен травмотология бөліміне ауыстырылған. Алайда жағдайы әлі де мәз емес. Көп қан жоғалтыпты. Бас сүйегінен жарақат алған, маңдай-шеке сүйегі сынған. Бұдан бұрын қыз бала осы ауруханада ем алған екен! Оқиға болған күні әкесі екеуі анықтама қағазын алу үшін дәрігерге келіпті. Ер адам кезек күтіп отырғанда, бала ойнап жүрген. Абайсызда теледидар тұрған жиһазға мініп, тұрмыстық техника үстіне құлағанын жүктелген ведиодан көруге болады. Әкесі орнынан ұшып тұрып, баланы бірден дәрігерге апарды. Кейін ауылдан реанимобильмен қаладағы облыстық ауруханаға жеткізді. Ағайындар, қоғамда балалардың қайғылы оқиғасы азаймай тұр. Сәбилерімізді көзімізден таса етпейікші?!

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
126 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
371 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»