ӨРТКЕ ОТЫН БОЛМАЙЫҚ
Қазіргі қоғамдағы күрделі ахуал бәріңізге белгілі. Бұл уақытта не істеу қажет екенін түсінетін деңгейге жеттік деп ойлаймын.

Бүгінде қонақты шақырып, қуанышты елмен бөліскеннен гөрі, елдің амандығын ойлап, тыныш отырған әлдеқайда абзалырақ болып тұрған уақыт. Біз қайғыда да, қуанышта да бірінші кезекте дастарханымызды жаятын халықпыз ғой. Бірақ, қазіргі кезең оны көтеретіндей деңгейде емес. Сондықтан сәл сабырлық танытуымыз керек. Шариғатымыз да осыны ескертеді.
Оба-індет тек біздің өмір сүріп жатқан дәуірімізде келіп тұрған жоқ. Тарихқа көз жүгіртсек, мұндай жағдайлардың болғанынан хабардар бола аламыз. Кезінде Абай өз заманындағы індет кезінде жаназаға бармай, үйде тыныш отыруды ескертіп, халықты оқшаулануға шақырған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде «Егер қандай да бір жерде оба шықса, ол жерге бармаңдар және өздерің отырған жерлеріңнен оба шықса, басқа жерге бармаңдар» деп, індет тоқтағанға дейін адамдардың бір-бірімен қарымқатынасын шектеуді ескерткен. Алла Тағала Құран Кәрімде «Бір адамды өлімнен құтқару – адамзатты өлімнен құтқарғанмен бірдей немесе себепсізден себепсіз бір адамды өлтіру – бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей» деген. Осы аяттың шеңберінде қарайтын болсақ, біздің иммунитетіміз мықты болып, індетті еркін көтеріп жүруіміз мүмкін, бірақ біз тасымалдаушы болуымыз әбден ықтимал. Яғни, қуанышқа ортақтаспақ болып, қонаққа барғанда, қайғыны бөліспек ниетпен көңіл айтуға барғанда, сол шаңырақтағы иммунитеті әлсіз немесе, жасы үлкен кісілерге ауру жұқтыратын болсақ, ол адам соның салдарынан өліп кетсе, бұл – үлкен қасірет. Сондықтан шариғатымыз ешкімге ешқандай ауруды жұқтырып қоймай, сырттағы ауруды үйге алып келмей немесе үйдегі ауруды сыртқа тасымалдамай отыруды бұйырады.
Кезінде Шам елінде осындай індет тарап жатқан кезде елдің басшысы «Бұл оба өрт сияқты. Сендер өртке отын болмаңдар, араларыңды ашыңдар, алыстаңдар. Ертең өрт от таппай қалса, өзі өшеді» деп үндеу жариялапты. Осылай індеттің таралуының алдын алған екен. Қазіргідей жағдайда адамдар өздері оқшауланып, бір-бірімен қарым-қатынасын үзе тұрса, ағайын арасындағы ауызбіршілік ажырап, ауылдастар арасындағы байланыс өзгеріп кетеді деп айта алмаймын. Өйткені адам баласының қарым-қатынасы жақсылық ниетте болуы керек және бір-біріне зиян келтірмейтін болуы тиіс. Қазіргі қоғамда бір-бірімізге сыйластығымыз, құрметіміз – аяқтай барып жағдайын сұрап, оған ауру жұқтыру емес, керісінше бір-бірімізге жақсылық тілеп, үйде отыруымыз.
Бақытжан-қажы САБЫРӘЛИЕВ, БҚО орталық мешітінің наиб-имамы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау

Кіру
Пікір үстеу