ӨРТЕНГЕН «ШАЛЕ» КЛУБЫ ТИЫНҒА БАҒАЛАНДЫ
Екі жыл бұрын өртеніп кеткен «Шале» түнгі клубының иесінің облыстық сотқа берген шағымы кейінге қалдырылды. Клуб иесі бұған дейін жасалған сараптамалардың дұрыстығына сенбейді. Алайда, оқиғаға кінәлі деп танылған «РЦКУ – Уральск» ЖШС қорғаушысы екі жақты мәмілеге келу үшін қосымша уақыт сұрауы себепті нақты шешім шықпай қалды.

Апелляциялық алқа отырысы облыстық сотта өтті. Талапкер Владимир Охватовтың айтуынша жүргізілген алғашқы сараптама өрт шығынын 205 млн. теңгеге бағалған. Алайда екінші жүргізілген сараптама бар болғаны нысан құнын 30 млн. теңгеге теңеген. Сол себепті кәсіпкер облыстық сотқа шағымданып отыр. – Екінші сараптама басқа қалада жасалған. Олар клубтың бағасын 10 есе төмендетіп көрсеткен. Сол себепті бұл жерде күмән бар. Нысанның күлге айналып жоқ болғанына екі жылдан асты. Бірақ біздің шығынымыз өтелер емес,– дейді кәіпкер Охватов. Сот отырысында
«РЦКУ – Уральск» ЖШС қорғаушысы, Нұрлыбек Юсубалиев кәсіпкермен бітімгершілік келісім жасасқысы келетінін мәлімеді.
– Біз қосымша 27 қарашаға дейін уақыт сұраймыз. Кәсіпкермен нақты бір келесімге келгіміз келеді,– деді Н. Юсубалиев. Түнгі клуб 2017 жылдың қазан айында түскі мезгілде жанып кеткен болатын. «Шале» түнгі клубында есептегішті ауыстыру кезінде айналаға ұшқынның таралуына жол бермейтін өндірістік жабдықты қорғау құрылғысын қолданбаған жұмысшының салдарынан түнгі клуб өртеніп, қожайынына аса ірі көлемде, яғни 120 155 990 теңге шығын келтірілген еді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу