ӨРТЕНГЕН ҮЙДЕН ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ
Кеше, 25 қаңтар кешкі уақытта Оралдағы Артығалиев көшесі, 18 мекенжайындағы тұрғын үй өртенген. Төрт пәтерлі үйдің бірінші пәтерінен басталған өрт көрші пәтерді ішінара шарпып өтті. Оқиға орнынан қарияның мүрдесі табылды.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы «101» байланыс телефонына сағат 22.22-де түскен. Өрттен 4 пәтерлі тұрғын үйдің 1-пәтері және ішінара көрші пәтердің шатыры жалпы ауданы 50 шаршы метр аумақ жанған. Өрт орнынан 1932 жылы туылған пәтер иесінің мүрдесі табылды. Өрт сағат 23.37 минутта толықтай сөндірілді.
Өрт орнында төтенше жағдайлар департаментінің 26 қызметкері мен 8 техникасы, полиция департаментінің тергеу-жедел тобының 6 қызметкері мен 2 техникасы жұмыстанды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі және кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Атап өтейікғ жыл басталғалы бері облыс аумағында 29 өрт оқиғасы тіркелді, оның ішінде 16-сы тұрғын үй секторында болған. Өрттен 1 адам жарақат алды. Сонымен қатар төтеншеліктер автокөліктегі өрттердің де саны артқанын айтуда. Облыс аумағында биыл 6 автокөліктегі өрт оқиғасы тіркеліп үлгерген. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға артып отыр.
Сала мамандары өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау арқылы ғана өрттің алдын алып, қайғылы жағдайға орын бермеуге болатынын еске салады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу