8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2019 2515 0
Өзек

ӨРТ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БОЙЫНША РЕЙД БАСТАЛДЫ

Жылыту маусымы басталар алдында Орал қаласының ТЖБ тұрғын секторында өрт профилактикасы бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Аула аралау кезінде төтеншеліктер бау-бақша ұжымының тұрғындарына негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын, сонымен қатар түтін құбырларын тазалау, пештерді күлдерден тазарту, кірпіш құрылысын толығымен тексеру және пеш алдындағы қаңтырдың болуы қажеттігін еске салды.

Өрттің себебі болатын пештің жанында тез тұтанатын заттардың болмауына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар «Улы газ», «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы» тақырыптағы парақшалар мен жаднамалар таратылды. Жылыту маусымы кезіндегі өртттердің дені тұрғын үй секторында жиі кездеседі. Өрттің пайда болуының басты себебі, пешті дұрыс пайдаланбау, отты абайсыз қолдану болып табылады.

Улы газ тұрғындар үшін аса қауіпті және түрлі қатер туғызуы мүмкін. Өрт оқиғасы орын алмаса да, пеш жанғанда улы газ бөлініп, ауаға таралуы мүмкін. Өрттің негізгі себептері – отты абайсыз қолдану, электр жабдықтарын монтаждаудың және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, пештерді орнату және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзу, балалардың отпен ойнауы. Сол себепті өрттерден зардап шеккендердің көбісі өрттің тікелей ықпал етуінің әсерінен емес, жанған уақыттағы бөлінетін улы заттан және түтіннен тұншығып қаза болып жатады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
107 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»