ӨРТ ҚАУІПІН АЛДЫН АЛУ НАЗАРДА
Жаз маусымы келісімен өрт оқиғалары жиілейтіні белгілі. Былтыр Батыс Қазақстан облысы аумағында 4 дала, 7 орман өрті тіркелген. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тілсіз жаудың алдын алу бойынша дайындық жұмыстарын мәлімдеді.

Биылғы жылы өңірде табиғи өрт тіркелген жоқ, бірақ жалпы аумағы 684 гектарды қамтитын 30 жану жағдайы орын алған. Былтыр 4 рет дала өрт орны алып, 4,223 гектар жерді шарпыған. 7 мәрте орман өрті тіркелген. 2010-2018 жылдар ішінде өңірде 13 өрт сөндіру бекетін ашылған болатын. Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық, Сырым, Бөкейорда аудандарында ашылған бекеттер биыл да жұмыстарын жалғастырады.
– 1 сәуірден облыс аумағында мониторинг жүргізілуде. Яғни «ғарыш сапары» спутнигі арқылы күніге екі мәрте ақпарат түсіп отыр. Өрт ошағы анықталса, жану жағдайы орын алған ауданға шұғыл түрде хабарлаймыз. Әрі өрттің аумағы да есептеледі. Әуе көлігімен аумақты шолып қарау жұмыстары да жүргізілуде, – деді БҚО ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласын бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Марс Отаров.
Қазіргі уақытта арнайы өрт сөндіру құралдары алынып бекеттерге таратылуда. Төтеншеліктердің мәліметінше, табиғи өрттер мен өрттерді болдырмау және жою үшін 2 759 адамнан құралған 150 әскери дайын ерікті өрт сөндіру құрылымы құрылған. Елді мекендердегі ерікті өрт сөндіру жарағында 11 автоцистерна, 859 басқа бейімделген жабдықтар, 1701 аспалы өрт сөндіргіштері, 119 мотопомпа бар.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі, Орман және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесе рұқсат етілмеген өрттерді анықтау бойынша ұймдастырылған рейдтік іс-шаралары кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес, 36 әкімшілік хаттамалар толтырылып, Жалпы 486 мың 975 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу