«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ» АЙЛЫҒЫ ӨТЕДІ
7 қыркүйекте БҚО әкімінің орынбасары Б.Азбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлар бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті. Жиын жұмысына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев және оның орынбасарлары подполковник А.Ахметжанов, азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков, облыстық басқарма басшылары, Орал қаласының әкімі және видеоконференц байланыс режимінде аудан әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде 2018-2019 жылдың күзгі-қысқы кезең жұмысына дайындығы және тасқын кезеңінің бірінші кезектегі іс-шаралары, азаматтық қорғау қызметтерінің Азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларды орындауға дайындығы баяндалып, облыс аумағындағы суға шомылу және өрт қауіпті кезеңінің барысы туралы айтылды.
БҚО ТЖД бастығының орынбасары А.Ахметжановтың баяндауынша, қыркүйектің 15-і мен 15 қазан аралығына «Өрт қауіпсіздігі» айлығы жүргізілмек.
– Айлық барысында жергілікті полиция қызметімен бірлесе өрттің алдын алу және тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды анықтау бойынша жадынамалар мен парақшалар тарату арқылы рейд жүргізу жоспарлануда, – деді А.Ахметжанов өз сөзінде.
Осы уақытта облыстық, қалалық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс желісі бойынша арнайы іс-шараларды орындауға дайындығы, республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын, кешенді оқу-жаттығулары мен оқу-жаттығуларын өткізу кезінде тексерілетін болады.
2018 жылдың 1 маусымынан 1 шілдесі аралығындағы суға шомылу және өрт қауіпсіздігі кезеңі туралы баяндаған бойынша азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі, Батыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және «ТДК-42» телеарнасы арасында «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы айлық өткізу кезеңіндегі профилактикалық іс-шаралардың жоспары» бекітілгенін мәлімдеді.
– Жоспарды орындау мақсатында Департамент қызметкерлері БҚО ІІД ЖПҚ-ның атты әскер батальонын тарту арқылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен рұқсат етілмеген от жағуды анықтау үшін апта сайын демалыс күндері рейдтік іс-шаралар өткізді. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚтК 367-бабы бойынша жалпы соммасы 360 мың 800 теңге құрайтын 28 әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді Н.Таубеков.
Нұрлан Сейдаханұлының айтуынша, бүгінгі таңда облыс бойынша 12 өрт сөндіру бекеті құрылған. Олар өрт сөндіру деполарына шығудың нормативті радиусының шеңберінен тыс орналасқан 42 елді мекенді қорғауды қамтамасыз етеді.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев атқарылған жұмыстарды оң бағалап және алда күзгі-көктемгі кезең мен жылыту маусымы күтіп тұрғанын, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл кезеңдерде жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Бағдат Оразалдыұлы мемлекеттік органдардың және кәсіпорындардың бірқатар басшыларына ҚР ІІМ ТЖК төрағасы және облыс басшылығы атынан алғыс хаттарды табыстады.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу