РОМАН – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша Қара теңіз жағалауындағы Болгария Республикасы Варна қаласында өткен қыздар мен жасөспірімдер арасындағы VIII әлем чемпионатында жерлесіміз Роман Адрющенко әлем чемпионы атанды.

Чемпионат қыркүйек айының 25 мен 30 аралығында өтті. Сайыскерлер өрт сөндіру және құтқару спортының төрт түрі бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, оқу мұнарасының екінші және үшінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу, тосқауылдары бар 10 метрлік жолақты жүгіріп өту, 4х100 метр өрт эстафетасы, өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю (өрістеу). Бұл жауынгерлік шабуыл бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында жауынгерлік шабуылға қатысқан жерлесіміз Роман Андрющенко 20.17 сек. уақытта келіп, үздік нәтиже көрсетті.
Отанға келісімен оны теміржол перронында туғандары мен жақындары, сондай-ақ, Қызмет бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Мұрат Баев қуана әрі құшақ жая қарсы алды.
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің 1 курс студенті Роман Андрющенко осындай жас шағында әлем чемпионы атағының иегері болды.
Жас жеңімпазға спорттағы жолына толағай табыстар тілеп, халықаралық ареналарда ел мерейін асқақтата беруін тілейміз.

«Батыс Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу