Құрметті оқырмандар!
«Жайық үні» газетінің осы аптадағы №17 саны сіздерге жол тартты. Алғашқы беттерде қоқыс жәшігінен табылған сәбидің жайы, оқырмандарымыздың бұл оқиға туралы пікірі жарық көрді. 2 бетте зейнеткерлер үшін ашылған «Қамқор» орталығы жарияланды.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушысы, доцент Райса Лесбекқызының мерейлі жасына арналған мақала ұсынылды. «Қалалықтар қаперінде» ұлттық ұлан сарбаздарының шеруі мен әскерилердің сайысы туралы мақалалар ұсынылды.
«Тазалыққа мән беретін ауыл» деген атпен Желаев ауылдық округінде жасалынып жатқан тың жұмыстар жайында мақала бар. «Достық» аталымында тіл жанашыры Ирина Суетинамен сұқбатымыз жарық көрді. «ORAL JASTARY» фестивалінің қорытындысы мен барысы 12 бетте жарияланды.
Редакция алқасы ✍🏻
Версия для печати
Пікір үстеу