8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2023 2092 0
Қалалықтар қаперіне

Құрмет білдіретін күн

Анатолий Чулкин, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық Басқармасының аға офицері, ұлты орыс: – Алғыс айту күні – ел азаматтарының бір-біріне деген құрметін көрсететін күн. Бұл күн, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі бола алады.

Біз қазақ жұртшылығының біртұтас ажырамас халық екендігін әрқашанда мақтан тұтамыз. Мен өзім Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери институты қабырғасында оқып жүргенде мемлекеттік тілде ауызекі сөйлеуді үйренгем. Қазіргі таңда өңірлік қолбасшылықтың басқармасында мемлекеттік тілді оқыту бойынша өткізілетін сабақтар маған қызметте көмектеседі. Сондай-ақ  отбасымызда қазақша сөйлесіп тұрамыз, себебі менің зайыбым қазақ қызы.  Қазіргі таңда жолдасым Мейрамгүл екеуміз тату-тәтті бір шаңырақтың астында Максим, Милана есімді ұл-қызымызды тәрбиелеп отырмыз.

Жақындарымызға жақсылық, жасап, бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік. Елімізден ырыс-ынтымақ кетпесін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»