ҰРЛАНҒАН 10 ВЕЛОСИПЕД ТАБЫЛДЫ
22-25 шілде аралығында Орал қаласы аумағында «Велосипед» атты жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Үш күн ішінлде велосипед ұрлығының 10 фактісі ашылды.

Жаз маусымы басталғалы велосипед ұрлығының көбейетіні жасырын емес. Себебі велосипед иелері көп ретте жеке меншігіндегі құралдарын кез-келген орынға қойып кетеді, ұзақ уақыт қараусыз қалдырады. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға тырысқан әккілер неше түрлі сұмдыққа барып, ұрлап, келесі адамға арзан бағаға сатып үлгереді. Әп-сәтте сатқан ақшаны жойып, өз кәдеме жараттым дейтіні тағы бар.
19 шілдеде, сағат 11.30 бен 13.30 аралығында «Зачаганск» ауданы, М.Мөңкеұлы көшесіндегі бір үйдің 4-подьезі алдынан ақ-жасыл түсті рамасы бар «Стелс-710» маркалы велосипеді ұрланды. Ұрланған велосипед иесінің айтуынша, 27 мың теңгеге сатып алған көрінеді. Осы ұрлық аталмыш іс-шара шеңберінде ашылып, ұрлаған күдікті туралы мәліметтер жинақталды. 1992 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, «Зачаганск» ауданының тұрғынын тәртіп сақшылары құрықтап, Шаған полиция бөліміне жеткізді. Ол ұрлыққа жол бергенін мойындады.
18 шілдеде орын алған тағы бір велосипд ұрлығы аталмыш іс-шара аясында ашылып, күдікті ұрлық жасағанын мойындады. «Зачаганск» ауданы «Қамбар батыр» көшесіндегі 6 подьезден қызыл түсті рамасы бар велосипедті ұрлаған. Ұрланған зат өз иесіне қайтарылды.
2019 жылдың 6 айында 142 велосипед ұрлығы тіркелді. Соның 39-ы ашылды. 2018 жылдың 6 айында 84 велосипед ұрлығы тіркеліп, 14 велосипед табылып өз иелеріне кері қайтарылған.
Орал қ.ПБ тәртіп сақшылары азаматтардан бағыт алған орынға желмен жарыса жетіп баратын велосипедтеріне мұқият болып, сақтық шараларын әркез назарда ұстауды сұрайды.
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу