РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Батыс Қазақстанда 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІІ кезеңі (облыстық) өтуде. Облыстық кезең 27 ақпан күні қорытындыланып, үздіктерге республикалық кезеңге жолдама беріледі.

Олимпиаданың облыстық кезеңі бүгін Жоғары аграрлық-техникалық колледжі базасында басталды. Жалпы бұл кезеңге бұған дейіні кезеңдерде іріктеуден өткен аудандар мен қаланың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден барлығы 504 оқушы қатысуда.
– Олимпиада әр оқу жылында 4 кезеңде өтеді. І кезең – мектепішілік. Бұл кезеңде, мектепте өз күшін, интеллектуалдық әлеуетін тексеру үшін барлық тілек білдірушілер қатыса алады. 2020 жылдың қараша айындағы өткізілген мектепішілік олимпиадаға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 11383 оқушы қатысты. ІІ кезең – аудандық (қалалық) кезең 2021 жылдың 8-12 ақпанда аудандық және қалалық білім білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл кезеңге 4645 оқушы қатысты, – деді БҚО білім басқармасының баспасөз қызметкері Үміт Жәңгірова.
Олимпиада үшінші кезеңінің тапсырмаларын «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесі дайындаған. Облыстық кезеңдегі қазылар алқасының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты – Өтебай Құспанов. Сондай-ақ қазылар алқасы құрамына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары, оқытушылары шақырылған.
Пәндік олимпиадалар ХХ ғасырдың 50 жылдарынан кеңес мектептерінде математика және физика пәндері бойынша олимпиадасынан бастама алады. Қазақстанда пәндік олимпиадалар 1998 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу