8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2022 2314 0
Оқиға

Құрбысын қатыгездікпен өлтірген

Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құрбысын аяусыз ұрып, одан соң пышақтап өлтірген Сергей Канинский 11 жылға сотталды. Оның әрекеті аса ауыр қылмыстар санатына жатқандықтан жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.

Қанды қылмыс үстіміздегі жылдың 9 наурызы күні кешқұрым тіркелген. Сергей Канинский мен марқұм Эльмира Обравец айыптының Деркөлдегі үйінде кездесіп, ішімдік ішеді. Көңіл көтеру барысында екеуара сөзге келіп, Канинский Обровецті ағаш таяқпен 20 мәрте соғып, дене жарақатын салады. Жек көрушілік әрекет мұнымен тоқтамай ер адам әйелдің басынан шамамен 10 соққы жасайды. Одан әрі өлгеніне көз жіткізу үшін бел тұсынан 5 мәрте пышақтайды. Ал мәйіт тек оқиғадан кейін 8 күн өткен соң ғана табылады.бұл іске кінәлі деп табылған 36 жасар Канинский түрмеде маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделуге жіберілмек. Марқұмның өлі денесін өз үйінде ашықтан ашық 8 күн сақтаған ол, Обровецтің тумаларын алдап, өзінің кінәсін өзге бағытқа аударуды көздегенімен оның бұл әрекеті әшкере болды. Бұдан бөлек қылмыс орнында мәйітті анықтау мен сараптама жасау жұмыстары барысында аулада жүрген аш иттің марқұмның бір жақ бетін жұлып алғаны белгілі болған. Бұл іске жауапты полицейлер өз ісіне салғырт қарағаны үшінде заң аясында қаулы шығарылған.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бахыт Ермаханов атап өткендей күдіктінің үстінен ҚР қк 99 бабы 1-ші бөлігімен (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату фактісі) іс қозғалған. – Оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, жеке бас мәліметтері, тұғылықты мекенжай бойынша мінездемесі, жауаптылығы мен жазасын жеңілдетін мән-жайлары түгелдей есепке алынды. Ол бұрын сотты болмаған. Ал марқұммен бірнеше жылдан бері ара-тұра кездесіп тұрған. Оның кішкентай баласы бар. Жәбірленуші тарап моральдық шығын ретінде 20 млн. теңге сұрады. Алайда оның әлеуметтік жағдайы көтермейтінін ескеріліп, сот 10 млн. теңге өндіру туралы шешім шығарды,- деді БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бахыт Ермаханов
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»