ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ
13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күніне орай еліміздің барлық мешіттерінде Қасиетті Құран оқылып, хатым дұғасы жасалды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, облыстық орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаевтың қолдауымен бір мезетте Құран хатым жасалып, індеттен көз жұмған марқұмдар рухына дұға бағышталды.
Осы орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Онлайн Құран хатымға» қатысып, хатым дұғасын жасады. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта Жаратушы Иемізден жәрдем сұрап, пана тіледі. Құран аяттарынан болған сауапты жұқпалы дерттен қайтыс болған марқұмдар рухына бағыштап, артында қалған жақындарына сабыр мен шыдам, төзім тіледі. Еліміз бен жерімізге амандық беріп, халқымызды қатерлі індеттен сақтауын сұрады. Сондай-ақ, қиын кезеңде ел азаматтарын бірлікте жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу