РАМАЗАН – САУАП АРТЫП, КҮНӘ КЕШІРІЛЕТІН АЙ
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің бас имамы Қанат Жакенов Бөрлі ауылында болып, мешіт жамағатымен кездесті.

Кездесуде бас имам Қанат Жакенов оразаның пайдасы турасында уағыз айтты. Бас имам өз сөзінде: «Оразаның пайдасы өте көп. Соның бірі адам баласын сабырлылыққа, төзімділікке баулиды. Өйткені күні бойы қарны ашса да ештеңе жемей, шөлдесе де бір жұтым су ішпей төзіп бағады. Өзіне жамандық жасағандарға «Мен оразамын» деп жауап беріп, төзімділікпен мінез-құлқын түзейді. Жүйкесі жұқарған жан ғана сабырсыз әрі шыдамсыз келеді. Тіпті, ұрыс-керіс, төбелес, қылмыс атаулының көпшілігі тез ашулану және сабырсыздық дегеннен туады. Демек ораза атты құлшылық түрі жүйкенің тозуынан, ұрыс-керіс, айқай-шу мен қылмысқа барудан пендені алыстатып, адами қасиеттерге баулиды. Сондай-ақ ең үлкен пайдасы тозақ отына қалқан болады. Алла Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Ораза – қалқан. Пенде ораза ұстаумен тозаққа қалқан қояды». Осы хадистегі «қалқан» біздің сабыр-шыдамымыз болып табылады. Бұл жөнінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Ораза – сабырдың, сабыр болса – иманның жартысы», – деген. Демек ораза иманнан туындайды. Иман тозақтан сақтайды. Мұсылман иманының қуатына қарай қылмыс пен күнәдан бойын аулақ ұстайды. Жүйкесін жұқартпайды, ашуын ақылға жеңдіре алады. Ораза ұстап аш жүрген кезде нәпсі қозбайтындықтан, адамның сабыр сақтауы көп қиындық туғызбайды. Аяқасты тап болатын түрлі қиындықтарға шыдамдылық танытуда оразаның берер пайдасы көл-көсір» – дейді.
Айта кету керек, рамазан айында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің асханасында күніге 120 адамға ауызашар ұйымдастырылады. Оған аудандық кәсіпкерлер, мешіт жамағаты демеушілік жасауда. Сонымен қатар оразаның алғашқы күнінен бастап «Тегін такси» акциясы өтуде. Акция аясында қасиетті айда ерікті жамағаттың қолдауымен 5 жеңіл көлік аялдамадағы адамдарды керек жеріне дейін тегін жеткізуде. Сонымен қатар мешіт жанынан «Берекелі жамағат» атты қайырымдылық қоры жұмыс жасайды.
Үміт Жәңгірова, Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу