«РАМАЗАН – МЕЙІРІМДІЛІК АЙЫ»
Дәл осындай тақырыпта «Бастау» коворкинг орталығында Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінің және облыстық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен жастармен кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Е.Қарақұлов, Тәжиден Батырұлы мешітінің ұстаздары Ә.Раманқұлов, Е.Құмаровтар қатысып, облыстық ресурстық орталық басшысының м.а А.Жақсығалиева модераторлық етті.
Алдымен сөз алған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Е.Қарақұлов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қасиетті Рамазан айы қарсаңында айтқан үндеуіне тоқтап, күллі мұсылман қауымы асыға күткен Рамазан айының артықшылығы туралы сөз қозғады.

Өкіл имам өз сөзінде: «Ораза деген таңертеңнен кешке дейін аш жүру деген сөз емес, ораза — бұл рухани құлшылық. Адам өз-өзін тәрбиелейді. Оразада ауыз бекітіп қана қоймай, күнәдан тазару керек. Көзін, құлағын, тілін, қолын, аяғын — бүкіл ағзасын күнәдан тыю қажет. Яғни, адам отыз күн бойы жаман істерден тыю арқылы өзін тәрбиелейді. Адам бір ай бойы бір нәрсемен шынықса, кейін басқа уақытта да сол әдеті қалады ғой. Сол сияқты Оразадан кейін де адам жақсы ой мен ізгі істерге ұмтылып, рухани жаңғыруы керек», — дейді.

Тәжиден Батырұлы мешітінің ұстазы, теолог маман Әсет Раманқұловтың айтуынша, өңірімізде жыл сайын Рамазан айында ауыз бекітетін адамдар көбейіп келеді екен. Олардың қатарында, әсіресе, жастар көп. Ал ораза кезінде дінге бет бұратындар аз болмайды. Сондықтан осы уақытта түсіндіру, ақпараттандыру жұмысын сауатты жүргізу маңызды. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараның да басты мақсаты осы. «Рамазанда артық салмақтан арылу, диета үшін, немесе біреуге еліктеп, болмаса сән болсын деген сияқты жағдайларда оразаның сауабы болмайды. Бір Алланың ризашылығы үшін ораза ұстауымыз керек. Бірақ тамақ пен судан шектелген соң адам белгілі бір деңгейде салмақ тастайды және оразаның денсаулыққа пайдасы өте көп. Ағзаның тазарып, бір жыл бойы тынымсыз жұмыс істеген ас қорыту жүйесінің дем алып, ретке келуіне мүмкіншілік болады. Ағза жақсы жұмыс істесе, денсаулық жақсаратыны анық», — деп әңгімеледі Әсет Раманқұлов.
Жиында сөз алған Тәжиден Батырұлы мешітінің ұстазы Ерген Құмаров оразаның мәнін дұрыс түсініп, Алланың ризашылығы үшін ауыз бекіту қажеттігін атады..
Тағылымы мол шараға қатысқан жастар ұстаздарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
8
Орал қаласы «Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу