8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2019 1265 0
Қоғам

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ОРАЛДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА БОЛДЫ

Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовпен бірге шаһар аумағындағы өндіріс орындарында болды. Сондай-ақ «Атамекен» жазғы демалыс орын-жайының жай-күйімен танысты.

Кезекті сессия жұмысын қорытындылаған Парламент депутаттары жұртшылықтың тыныс-тіршілігмен танысу, мұң-мұқтажын анықтау мақсатымен елдімекендерді аралауда. Есепті мерзімде халық қалаулылары 82 заңды қабылдады. Жұмыс сапары аясында қабылданған заңдардың қолданылуына сараптама жасау, кем-кетігі болса, түзетулер енгізу мәселесі де ескерілетін болады. Бұған дейін аудандарда болып, ауыл аймақтағы ағайынның мәселесіне құлақ түріп, шаруашылықтардың тынысына қаныққан депутаттар Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша Орал қаласының өндіріс орындарын назарға алды. Алдымен индустрияландыру картасы аясында ашылған Орал трансформатор зауытында болып, жұмыс қарқынын бағамдады. Өндіріс орны биыл 9 мың трансформатор шығаруды жоспарлаған. Қазір мұнда 300-дей адам үш ауысыммен жұмыс жасайды. Олардың орташа жасы – 28. Жыл соңына дейін зауытқа қосымша цех салынып, қызметкерлер санын 800-ге дейін арттыру көзделуде.

– Зауыттың болашағы зор. Жұмысшылармен тілдестік. Жалақылары орташа есеппен 170 мың теңге. Зауыт болашақта индустриалдық колледжді сенімгерлік басқаруға алып, өздеріне қажетті кадрларды даярлауды қолға алмақ. Жұмыс орны көбейтіліп, салықтық база ұлғайтылады. Сондай-ақ өнімдерінің 90 пайызы экспортқа шығарылады. Бұл да қуантарлық жағдай,  – деген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев зауыттың ел экономикасының ілгерілеуіне сүбелі үлесін тигізіп отырған атап өтті.

Халық қалаулылары жұмыс сапары барысында «Болашақ-Т» ЖШС-ға ат басын тіреп, комбинаттағы жұмыстың толыққанды атқарылып жатқанына көз жеткізді. Қазір мұнда 66 адам жұмыс жасайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 150-160 мың теңге. Комбинат жылына 50 мың шаршы метр панельді үй материалдарын жинақтау қуаттылығына ие. Биыл компания Орал қаласы бойынша жалпы аумағы 27 мың шаршы метр болатын төрт көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын тәмамдап, тапсырды. Жыл соңына дейін тағы үш үйдің құрылысын аяқтау көзделіп отыр.

Комбинаттағы құрылыс материалдарының 70-80 пайызы отандық өнім. Тек темір сымдарды ғана Ресейден алып отыр. Серіктестік басшысы Асқар Кущанов депутаттарға комбинат қызметін тыныстыра келе, құрылысқа қажетті қиыршық тас Ақтөбеден жеткізілетін болғандықтан, бағасы жол-көліктік тасымалға байланысты екі есе қымбатқа шығатынын жеткізді. Сол себепті комбинаттың құрылыс материалдарының өзіндік құнын түсіруге мүмкіндік болмай тұр.

–Алдағы уақытта комбинат өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен қосымша зауыт құрылысын жалғастырмақ. Өңірде тұрғын-үй құрылысы қарқынды. Оған сұраныс та жоғары. Осы ретте аталмыш комбинаттың септігі мол. Панельді материалдармен дайындалған үй монолитті қаңқалы үйлерге қарағанда тез салынады. Сәйкесінше, халықты тезірек баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Комбинат басшылығының көтеріп отырған мәселесін біз Үкіметке жеткізетін боламыз, ­ – деді сенатор Нариман Төреғалиев.

Сонымен қатар депутаттар «Атамекен» қалалық балалар туризмі және экология орталығында болып, табиғат аясындағы балалар лагерінің тынысымен танысты. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаевтың мәліметінше, биыл  оқушылардың 82,2 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарланған. 1500 бала «Атамекен» лагерінде демалады. Олардың 600-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Сондай-ақ «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлері, «Қайсар» патриоттық лагері, қалалық мектептер жанынан жазғы лагерьлер ұйымдастырылуда.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
88 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
304 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1092 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1529 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2144 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2318 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2371 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2009 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2853 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2906 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2903 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3482 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3470 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3449 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3610 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3656 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»