ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай бүгін, 26 тамыз күні Орал қалалық әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, құқық қорғау органы қызметкерлері қала басшысының алғыс хатымен марапатталды.
– 1995 жылғы жалпы халықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың маңызды таңдауы болды. Осыдан 26 жыл бұрын даму мен өркендеудің даңғыл жолы айқындалды. Негізгі заңымыз әлеуметтік-экономикалық дамудың өзегі, бірлік пен ынтымақтастықтың бұлжымас бағдары, кемел келешектің кепілі болды. Мемлекет саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті Отанымыздың жоғары экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатының артуына толықтай бағыт алып отыр. еліміз егемендік алған кезден Қазақстанның кең байтақ жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстар қоян-қолтық еңбек етіп, бейбіт ғұмыр кешуде. Ең бастысы ұлтаралық келісім, достық пен татулықтың арқасында елімізде саяси тұрақтылық сақталуда. Осы мақсатта атқарылып жатқан көптеген игі істер соның айқын дәлелі, – деген Абат Абайұлы Конституцияның әр тармағы әр қазақстандықтың алдындағы арман-мақсаттарының орындалуына мүмкіндік беретін басты құжат екенін атады.
Салтанатты жиында қала әкімінің алғыс хатына Орал қаласы №2 сот кеңсесінің мамандары Д.Чикеев, Ф.Танатова, Ж.Ғалымжанова, А.Дүйсенова, С.Дүйсенғалиева, М.Бекқалиева, Орал қаласы прокуратурасының прокурорлары Д.Ізтілеуова, Т.Есенғалиева, Н.Жорабеков, О.Әбдірәсіл, Е.Мизам және Орал қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы М.Құспанова, Орал қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы А.Көшкінова, Орал қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы А.Мұхаметияров, Орал қалалық әкім аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміні бас инспекторы Ә.Мыңжасаров ие болды.
Мерекелік жиын «Жастар» мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік ән шашуымен тәмамдалды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу