8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Маусым 2019 1928 0
Қоғам

ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін «Қазмедиа орталығында» ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев өңірлермен  бейнеконференциялық байланыс арқылы халық алдында есеп берді. Облыс әкімдігі ғимаратының «Ақжайық» залында аталмыш министрлікке қарасты құзырлы мекеме өкілдері әділет органдарының өткен жылы атқарған жұмыстарын тікелей байланыс арқылы тыңдап, жаңашылдықтары мен жоспарларын саралады.     

М.Бекетаевтың сөзінше, қазіргі уақытта Министрлік үш заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыруда. Олармен көзделген өзгерістер: әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін санкцияларды жеңілдетуге, соттар мен мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді бөлуге, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс жүргізулерді электронды форматқа ауыстыруға, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша сот төрелігін жөнелтуді жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, Министрлік нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді толығымен электронды форматқа ауыстырды. Оны тіркеу мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 күнге қысқартылды.  Аталған өзгерістер әлеуметтік мәселелерді жедел реттеуде аса маңызды. Өткен жылы Министрлік заң қызметі саласында реформа жүргізді. Аталған реформа аясында қабылданған шаралар заң қауымдастығында бәсекелес ортаны құруға және адвокаттар санын көбейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Pro bonо жүйесі арқасында әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтар тегін заң көмегін алуда. «Нотариат туралы» Заңына да өзгерістер енгізілді. Берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар нотариустарға берілді. Сонымен қатар Министрлік сот актілерін орындауды жақсартуға бағытталған барлық шараларды қабылдауда. Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқару іс-әрекеттері туралы СМС арқылы хабарланатын болады.  Осы жылы Ақмола облысында пилоттық режимде жеке сот орындаушыларының рейтингі енгізілді. Енді өндіріп алушылар рейтингпен танысып, сот орындаушыларды таңдай алады. Сот сараптама қызметін жақсарту мақсатында, материалдық-техникалық базаны нығайтуға бюджеттен қосымша қаражат бөлінді. Ал кәсіби деңгейді жоғарылату мақсатында 232 қызметкер біліктілікті арттыру курстарын өтті және 25 қызметкер резидентурада оқуда. 28 сот сарапшысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілген. Сот сараптама қызметін автоматтандыру бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. «Е-сараптама» ақпараттық жүйесі әзірленді. Оны «Төрелік» және «Е-қылмыстық іс» ақпараттық жүйелерімен біріктіру мәселелері пысықталуда. Министр баяндамасын қорытындылай келе, 2003-2018 жылдар аралығында 18 млрд АҚШ доллары сомасына мемлекет мүддесі қорғалғанын, сонымен қатар Bank of New York Mellon банкіндегі Ұлттық Банк шотына 21,5 млрд. АҚШ доллары сомасына салынған заңсыз тыйым алынғанын айтып өтті. Келтірілген залалды өтеу жұмыстары жүргізілуде. Жиын соңында Марат Бекетаев залда отырған азаматтардан, ведомствоның поштасына өңірлердегі тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
105 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
325 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
811 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1187 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1107 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1548 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2163 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2330 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2337 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2387 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2390 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2024 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2872 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2925 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2922 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3530 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3501 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3489 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3468 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3629 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3675 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»