8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2020 1591 0
Қоғам

«ӘР АЗАМАТҚА МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОР БОЛАДЫ»

Аққали ӘУБЕКЕРОВ, Орал қалалық мәслихатының хатшысы:

–    Бүгін Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев  туған халқына «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жолдап, әлемді жайлаған індеттің елімізде етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отырғанын жеткізді. Сондықтан қазақстандықтарды  жер-жердегі игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне қолдау көрсетіп, қиын сәттерді бірлесе еңсеруге үндеді. – Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі, – деген Елбасымыз дәл осы тұста халқымыздың әрдайым үлкенге – құрмет көрсетіп, кішіге – қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеріне сенді. Аға буынды жас ұрпақтың алдындағы жауапкершілікті сезінуге міндеттеді. Жастардың күш-қайрат жұмсайтын кездері келгенін тілге тиек етіп,  жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға үндеді. Ал кәсіпкерлерге «сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді«Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді» деп, отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырды. Осы орайда Орал қалалық мәслихатының депутаттары да жарасымды үрдісті жалғастырып, әрқайсысы өз округтеріндегі аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқанын айта кеткім келеді.  Депутаттардың игі істері одан әрі жалғасын табады деп сенемін. Дағдарысты еңсеру үшін Мемлекет қабылдап жатқан шаралар өте маңызды.  Елдегі әрбір азаматқа мемлекет қамқор болады. Сондықтан Елбасы барша қазақстандықтарды  тағдыр мен тарих сынында еңсемізді тік ұстап, қиындықты бірлікпен ғана қасқая жеңуге шақырады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»