8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Наурыз 2021 1558 0
Дені сау ұлт

QAZCOVID-IN «СҚ ФАРМАЦИЯ» ҚОЙМАЛАРЫНА СӘУІРДІҢ АЯҒЫНДА ЖЕТКІЗІЛМЕК

 Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты QazСovid-in вакцинасы қоймаларға жіберу үшін ДСМ-нің рұқсатын күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazСovid-in вакцинасының қолданысқа шығу мерзімі туралы айтты.

«Вакцинаны өндіру үшін алдымен клиникалық зерттеулерді өткізу керек. Сонымен бірінші бірінші, екінші клиникалық зерттеу фазалары өтті. Жақында үшінші фазаның 50 пайыз зерттеулері аяқталады. Одан кейін біз бұл есепті Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіп, олардың рұқсаты болғаннан кейін ғана бұл өнімдерді адамдарға бере аламыз», – деген институт басшысы зерттеулердің сәуір айында аяқталатынын айтты.

«Негізінде қазір вакцинаның алғашқы партиясы дайын тұр, биологиялық бақылауда. Адамдарға берместен бұрын оны бірнеше жануарлардың топтарына зерттеуіміз керек. Осы сәуір айының аяғында Денсаулық сақтау министрлігі рұқсатын берген жағдайда мұны «СҚ Фармация»-ның қоймаларына жеткіземіз», – деді Күнсұлу Закарья.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»