8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2019 1711 0
Қоғам

«QAZAQTANY» ЖОБАСЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІРТҰТАС

         Бүгін Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасына арналған қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау бойынша республикалық лекторий өз жұмысын бастады. Пленарлық отырыс жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, сондай-ақ еліміздің жетекші институттарының ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғарғы оқу орындарының, Қоғамдық Келісім кеңесінің өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан  Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев:   – Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық лекторийін өткіземіз. «Qazaqtany» жобасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында оны жаңа қырынан толықтыруға бағытталған. ҚХА-ның «Qazaqtany» дәрістері биыл Түркістан және Павлодар облыстарында өтті. Бүгін біздің жобамыз Жайық өңірінде өтуде. Еуропа мен Азияда орналасқан қазақтың киелі жері Қазақстанның еуразиялық сипатын көрсетеді. Мұнда Ұлы Жібек жолы өтті. Қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістері қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының тарихына алтын әріптермен жазылған. Олардың есімдері біздің ұлттық кодымызды қалыптастыратын халық рухының символына айналды. Батыс Қазақстанның халық шығармашылығы бірегей. Ол күй атасы Құрманғазы мен көрнекті композитор Дәулеткерей, домбыраның құлағында ойнаған Дина Нұрпейісованың және талантты тұлғалардың есімдерімен белгілі. Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық пен бірлікті нығайтуға қомақты үлес қосуда. Оның құрамында бір облыстық және 13 аудандық ҚХА Кеңесі, 239 – Қоғамдық келісім кеңесі, 158 – Аналар кеңесі, 153 – Ақсақалдар кеңесі, Журналистер клубы, облыстық мәслихаттың «Ынтымақ» депутаттық тобы, Батыс Қазақстан облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, барлық оқу орындарында достық клубтары және «Мейірім шуағы» еріктілер қозғалысы бар. 21 000-нан астам адам белсенді актив қатарында. Әкімдіктің қолдауымен барлық қажетті жағдайлар жасалған. Орал қаласының орталық бөлігінде орналасқан жаңа Достық үйі заманға сай техникалық жабдықталған. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында облыстағы киелі нысандар қатарына Жайық қалашығы, «Бөкей Ордасы» тарихи-мұражай кешені, Тақсай қорған кешені, Жұмағазы әзірет пен Ғұмар Қараштың бейіті, Жымпиты ауылындағы Алашорда музейі кірді. Ассамблеяның бастамасымен «Рухани жаңғыру» музейі ашылды, латын графикасына көшу жөніндегі, «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Туған жер» жобалары іске асырылды.  Ғылыми-сарапшылық топ жұмыс істейді. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы жұмыс істейді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихи сананы жаңғырту  туралы мәселені күн тәртібіне қойды. Ассамблея қазақ халқының мәдени кодында көрініс тапқан біріктіруші бастауларды ашуды және таратуды өзінің негізгі рөлі деп біледі. Олар тұтастай алғанда жаһандық жалпыадамзаттық құндылықтардың құрамдас бөлігі және ұлттың рухани бірлігін шоғырландырудың өзегі болып табылады. Біздің үлгіде қазақ халқы мемлекеттілік пен егемендіктің тарихи субъектісі болып табылады. Ол шын мәнінде, «әралуандықтағы бірлік» қағидаты негізінде елдегі барлық этностарды шоғырландыратын құндылықтардың, сенім мен өзара түсіністіктің мәдени-рухани өзегіне айналды. Бұл ретте, қазақтың ұлттық құндылықтары, тарихы мен дәстүрлері біріктіруші құндылықтың өзегі рөлінде бола отырып, осы процестің алғышарты мен негізі болуы тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Qazaqtany» жобасы қазақ халқының басты адамгершілік қағидалары мен императивтерін Қазақстанның барлық этностарының қабылдауына бағытталған. Олар жалпықазақстандық ұлттық бірегейлікті нығайтудың рухани бастамасы болып табылады. Жалпы алғанда, жоба тек қазақстандық этностарға ғана емес, бүкіл қоғамға, оның ішінде қазақтарға де арналған. Ол біздің татулық пен келісім үлгісінің дәстүрлерін болашақ ұрпаққа жеткізу үшін ұрпақтараралық байланыстарды дамытуға бағытталған. Бізге жаһандану ағымында, бұқаралық коммерциялық мәдениеттің ену жағдайында, қазақтың мәдени кодын сақтау айрықша маңызды. Бұл код біздің қоғамның бірігуінің негізінде, бірлік негізінде жатыр.    «Qazaqtany» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен біртұтас. Біріктіруші жалпыұлттық тарихи сананы нығайту процесінде ұлтты шоғырландыратын құндылықтар қалыптасады. Біздің дәстүрлеріміз, ұлттық-мәдени тамырымыз ортақ тарихтың тереңінен бас­тау алуы тиіс, олай болмаса, Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай». Бұл халықтың өткені мен бүгінін және болашағын біріктіретін, ұлттық сананың түрлі полюстерін татуластыратын тұғырнама, – дей келіп, «Qazaqtany» мәдени-ағартушылық жобасы мәні мен маңызы бойынша «Рухани жаңғыру» идеясына сәйкес келетінін атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының айтуынша, аталмыш лекторий Президенттің «қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті нығайту» міндетін орындауға бағытталған. «Qazaqtany» жобасы аясында ауқымды жұмыс жүргізілді.  Жыл басынан бері республикалық және өңірлік деңгейлерде 57 000 адамды қамтитын 167 іс-шара өткізілген. Ұлтты біріктіруші біртұтас тарихи дүниетанымды қалыптастыру үшін келесі жылы Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізу көзделген. Ал бүгін Орал қаласындағы түрлі мекемелер мен Бәйтерек, Теректі, Бөрлі аудандарында «Qazaqtany» дәрістерін өткізу жоспарланған.

Жиында сөз алған өңір басшысы Ғали Есқалиев өнердің құты қонып, өлеңнен бақ дарыған, сөз өнерінің сүбелі дәстүрі қалыптасқан аймақ, талай әнші-күйшілердің, батырлар мен би-шешендердің ата қонысы, екенін тілге тиек етіп, 90-ға жуық өзге этнос өкілдерінің атамекеніне айналған Ақжайық өңіріне қош келдіңіз айтты. –  «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады» деген дана бабаларымыз. «Табыстың сыры  тірлікте, дамудың сыры – бірлікте» демек, мұратқа жетудің жолы, еңбектің жанбағы, барды бағалай білуде екенін, Қазақстанның дамуы – елдік мақсат екенін жақсы түсінеді біздің халқымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде қазақтай қара шаңырақтың уықтарына айналған барша этностарды бір мүддеге тоғыстырып, татулық пен тұрақтылықтың,  бейбітшілік пен келісімнің темірқазығына айналды. «Мәңгілік ел» болу мұратына бағытталған біртұтас  ел, бір тағдыр қағидасын көздейтін Ассамблеяның тың жобаларының ішіндегі ғылыми-танымдық «Қазақтану» жобасы – қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын барлық қазақстандық этностар арасында дәріптеуге арналған. Сондықтан осы  жобаның маңыздылығы мен мақсаттарын ұлықтауға арналған бүгінгі жиынымыздың да нарқы зор деп білемін. Жобаның негізгі мақсаты – қазақстан­дықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының және жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайту болып табылады. «Ұлы даланың жеті қыры» мен «Қазақтану» жобасы аясында біздің облысымызда да көптеген игі шаралар жүзеге асырылып келеді. Өңірді мекендеген барша этностар өздерінің жыл сайынғы «Этнос апталығы» аясында қазақ халқының салтын, әдет-ғұрпын дәріптеуді дәстүрге айналдырды. Танымал тіл жанашыры Асылы Осман апамыз «Қазақ тілі – жүрек, өзге тілдер оған тірек. Тілін білген адам ғана сол ұлттың жан дүниесін ұғып түсінеді» деген болатын. Осы «Қазақтану» жобасы аясында өзге этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын ұқтыру, қазақ тілін меңгеруге үндеу салу мақсатында, өңірімізде мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлыс өкілдерінің «Тіл – мұра» қоғамдық қозғалысы құрылды. Батыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобы Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасымен бірге,  аймақтағы қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту, барлық бағдарламалық құжаттарды іске асыруды сараптамалық қамтамасыз ету шаралары аясында, «Қазақтану» жобасына да зор көңіл бөліп отыр, – деген өңір басшысы  Ғали Нәжімеденұлы ғылыми-сараптама тобы мүшелерімен дайындалған,  «Депортация дәуіріндегі қазақ халқының ізгілікті-гуманистік келбеті атты жобасы республика бойынша жүлделі орынды жеңіп алғанын жеткізді.

Жыл басынан Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен республикалық «Қайырымдылық керуені» аясында, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған, Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген «Мейірімді көктем» айдарымен «Сарқыт», «Сыбаға», «Шашу», «Асар», «Қамқор», «Тоқымқағар» қайырымдылық  акциялары жүзеге асырылды. Осындай акциялар облысымыздың барлық аудандарында ұйымдастырылып, облыс бойынша 55 мыңнан астам адам қатысқан 700-ге жуық қайырымдылық шаралары өткізілген. Акция аясында көрсетілген қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 44 млн. теңгені құрайды. Рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышанына айналған, сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделерді арқау еткен бағдарламаны жүзеге асыратын «Рухани жаңғыру» орталығы да облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы болып табылады. Күні бүгінге дейін бағдарламаның «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» бөлімдері бойынша көптеген игі шаралар атқарылыпты. Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатықан Ұлттық домбыра күніне арнап «Домбыра parti» акциясын ұйымдастырып, сол күні дүние есігін ашқан сәбилерге домбыра сыйлау дәстүрге айналды. Ұлттық дәстүрді сақтау, қайта жаңғырту және домбыра үнін жастардың бойына сіңіру мақсатында барлық мектептерде үзіліс кезінде қазақ композиторларының күйлерін ойнату қолға алынып, облыс мектептерінде домбыра үйірмелері көбейді.

Жиында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл «Қазақы бірегейлік: Тарихи аспект», тарих ғылымдарының кандидаты Жасқайрат Ерназар «Батыс Қазақстан облысындағы қазақтардың этнографиясы», айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова «Тіл-тәрбие кілті, бірлік бесігі» тақырыптарында баяндама жасады. Лекторий жұмысы екі күн Оралда және облыстың үш ауданында жалғасады деп күтілуде. Ертең Достық үйінде «Қазақтану» жобасына арналған дәрістер топтамасы оқылады. Сондай-ақ лекторий аясында Батыс-Қазақстан облысы ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі, сондай-ақ ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының кеңейтілген отырысы өтті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
151 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
182 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
433 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
916 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1293 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1178 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1651 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2269 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2433 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2441 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2493 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2496 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2093 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2975 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3027 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3022 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3638 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3604 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3595 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3570 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3731 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»