8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2020 1012 0
Қалалықтар қаперіне

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛАДА БІР АПТА ЫСТЫҚ СУ БОЛМАЙДЫ

Орал қаласында алдағы жылыту маусымын кедергісіз бастау үшін әзірлік жұмыстары өткен жылыту маусымы аяқталған кезде-ақ басталған болатын. Жылумен қамтушы «Жайық жылу қуат» АҚ жылу-электр орталығының жабдықтары мен қала ішіндегі 5,2 шақырымдық жылу желісін жөндеуді жоспарлаған. Бүгінгі күні жылу-электр орталығындағы жөндеу 62,5 пайызға, жылу желілерін жөндеу 50 пайызға орындалған. Бүгін, 12 тамыз күні кәсіпорынға арнайы барған қала әкімі Абат Шыныбеков қазандықтардың жөндеу жұмыстарын қадағалап, жөндеу жұмыстарының жылыту маусымы басталғанға дейін ыждағаттауды ескертті. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен мекеме-ұйымдардың да дайындалуын жеделдетуді тапсырды.

«Жайықжылуқуат» АҚ басшысы Қуат Мусин таныстырғандай, жылу-электр орталығындағы Ст.№10 КВГМ-100 қазан агрегатының бүйірлік құбырлары ауыстырылған. Су жылыту қазандығы жылыту маусымына 100 пайызға дайын. Ал Ст.№5 БКЗ75-39 ГМ жылу қазандығы агрегатының алғышеп экран құбырлары ауыстырылуда. Бұл қазандық бойынша жұмыстар 70 пайызға орындалған.  Жылу желілері бойынша  жалпы 5,212 шақырымдық желіні жаңарту көзделген болса, қазіргі уақытта 2,611 шақырымы бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған.  Кварталішілік желілер бойынша – Фрунзе көшесінде  170 метр, Құрманғазы көшесіндегі 93 метр, Орақбаев көшесінде 72 метр, 6-шы шағынауданда 130 метр, Ружейников көшесінде 78 метр, Ет комбинатында 31 метр жылу желілері ауыстырып салынған.  Қазіргі уақытта Х.Доспанова көшесінде 145  метрлік жылу жүйесі, Есқалиев көшесінде 58 метрлік жылу жүйесі,  Ықсанов көшесінде 43 метрлік жылу жүйесі жөнделуде. Кәсіпорынның теңгеріміндегі 22 қазандықта  57 қазан бар. Бүгінгі күнге 44-інің негізгі жабдықтары жөнделген. Нақты айтқанда, қазандықтардың дайындығы 77,2 пайыз.

– Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Жыл сайын жылу мерзімінің басталуының алдында жылу-электр орталығын тоқтатып, жасалатын профилактикалық жұмыстарымыз бар. Осы жұмыстарды 16 тамыздан бастап жүргізбекпіз. Сол себепті бір апта бойы жылу-электр орталығын тоқтатылады, қалада ыстық су болмайды, – деді Қуат Мусин.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Зашаған кентіндегі «Водстрой» қазандығы жаңартылады деп жоспарланған. Қайта құру жұмысын атқаратын «Жайық құрылыс» ЖШС-мен  546,303 млн. теңгеге келісім жасалған. Мердігер компания қазір демонтаждауды 80 пайызға орындады. Қазанды алуға тапсырыс берген. Ол қыркүйек айының аяғында жеткізілмек. Одан соң монтаждық жұмыстарды жүргізуге уақыт керек.  Шаһар басшысы Абат Абайұлы қазандықты жаңарту жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтауды тапсырып, осы қазандық арқылы жылумен қамтылатын 33 тұрғын үй (2147 абонент), 7 әлеуметтік-мәдени ғимарат пен 43 нысан 15 қазанда басқаларымен бірдей жылуға қосылуы тиіс екенін қатаң тапсырды.

Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің мәліметінше, шаһарымызда «Жайықжылуқуат» АҚ қызметін тұтынатын 1196 тұрғын үй бар. Олардың 827 тұрғын үйге ПИК-тер қызмет көрсетеді, 336 тұрғын үй – қызмет көрсетушісіз болса, 33-і – жеке үйлер. Қазіргі уақытта ПИК-тер қызмет көрсететін үйлердің 440-ында, қызмет көрсетушісіз үйлердің  14-інде сығымдау жүргізілген.  Десек те ПИК қызметін қолданбайтын тұрын үйлердің ішінде тұрғындары жыл сайын жылыту маусымына дайындыққа немқұрайлы қарайтын, соның салдарынан дайындықты күн суытқанда бастап, жылыту жүйесіне әбден қыс түскенде қосылатын үйлер бар.  Қала басшысы бұл мекенжайлардың тұрғындарымен алдағы аптадан бастап кездесулер ұйымдастырып, ақпараттық жұмыстарды жүргізуді, әзірлік шараларын тұрғындармен бірлесе жүргізу қажеттігін ескертті.

«Жайықжылуқуат» АҚ  директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Есенжан Шонаевтың айтуынша, бүгінде жылу үшін оралдықтардың 400 млн. теңгеден аса қарызы бар.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
81 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
148 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
382 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
864 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1242 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1601 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2217 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2382 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2389 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2440 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2445 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2059 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2924 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2978 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2972 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3585 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3553 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3544 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3520 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3680 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»