Президент сайлауы – 2019. Сайлауға 9,4 млрд теңге бөлінеді
Бүгін Үкімет отырысында Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына байланысты 9,4 миллиард теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады BAQ.KZ
«Кезектен тыс сайлауға қатысты 10 мыңға жуық сайлау учаскелері құрылады. Соның шеңберінде 70 мыңға дейін адам сайлау учаскесіндегі комиссия мүшесі болуға тартылады», – деді Қаржы министрі Әлихан Смайылов.
Министрдің айтуынша, сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін 9,4 миллиард теңге бөлінеді.
«Бүгін шешім қабылданды. Жақын арада бөлінеді», – деді ол.
«Не себепті бөлінетін қаражат қысқартылады?» деген сұраққа министр әр өңір бойынша қанша сайлау учаскесі болатынын есептегендерін айтты.
«Біз әр өңірде неше сайлау учаскесі болатынын, ол жерде қанша адам жұмыс істейтінін анықтадық. Онда сайлаудың басынан аяғына дейін жұмыс істемейтін адамдар бар. Соның бәрін есептеп, осындай қорытындыға келдік», – деді Әлихан Смайылов.
Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу