Премьер-министр кәсіби мерекесіне орай металлургтерге Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының қызметкерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті.
🏭Тау-кен металлургия кешені — өнеркәсіпті дамытудың негізі. Тәуелсіздік жылдарында бұл сала тұрақты экономикалық өсімге және әлеуметтік әл-ауқаттың нығаюына ықпал етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасына қосқан үлесі 6,9%-ды құрады. Бүгінде салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың күнделікті жұмысы машина жасау, құрылыс, мұнай-газ және энергетика саласының дамуына серпін береді.
🔸Олжас Бектенов металлургия саласын дамыту Үкіметтің басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өндірісті жаңғырту, жаңа кен орындарын игеру және заманауи технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасатын болады.
👷♂️Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында тау-кен металлургия кешенінің еңбеккерлеріне, оның ішінде металлургтерге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Мемлекет басшысы алғаш рет екі жаңа мемлекеттік награда – «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтарын тағайындады.
🏅Осы жылы барлығы тау-кен металлургия өнеркәсібінің 600-ден астам жұмысшысының еңбегі атап өтілді. Олар – бүкіл ел бойынша өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері.
📍Мемлекеттік наградаларды металлургтерге өнеркәсіп және құрылыс министрі, Астана және Алматы қалаларындағы, Ұлытау және Абай облыстарындағы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы өңір әкімдері табыс етті.
🙏Сала өкілдері Мемлекет басшысына еңбектерін жоғары бағалағаны үшін алғыс білдірді. «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Болат Айдаболов бұл марапат ел экономикасының негізі болып саналатын барлық саланың үлесін бағалау екенін атап өтті. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС флотаторы Гүлбану Жұмаділдина марапат – ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі екенін айтып, Президентке металлургтердің еңбегіне көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.
📱 @KZgovernment
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру