ПРАВОСЛАВ ХРИСТИАНДАРЫ ХРИСТОС РОЖДЕСТВОСЫ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУДЕ
Бүгін православтық христиандардың Жарқын Христос мерекесі. Осы мерекеге орай Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков оралдық православтық христиандарды қасиетті мерекемен құттықтады.

– Бұл – рухани және моральдық құндылықтарды бекітетін, қоғамда жоғары адамгершілік қасиетті нығайтуға ықпал ететін жарқын мереке. Тәуелсіздік жылдарындағы біздің ең басты жетістіктеріміздің бірі қазақстандық қоғамда конфессияаралық бейбітшілікті және келісімді сақтап, нығайта түскеніміз. Бейбітшілк пен келісім – маңызды жалпыхалықтық игілік. Оны әр бірлескен еңбегімізбен сақтай білуіміз керек. Діни сеніміне, тілі мен мәдениетіне қарамастан еліміздегі барша ұлт өкілі келісіммен, бір-біріне деген сеніммен өмір сүруде. Оралда да православтық қоғам басқа конфессиялармен бірге қала өміріне белсене араласып, халық бірлігін нығайтуға үлес қосып келеді. Осындай жарқын қуанышты мерекеде ашық аспан, баршаңыздың дендеріңізге саулық, еңбекте табыс, көпұлтты Отанымыздың гүлденуін тілеймін, – деді Абат Абайұлы.
Айта кетейік, бұл күні еліміздегі барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталды. Православ христиандары бұл күні таң бозарып атқаннан кешке дейін ас-судан бас тартады. Сондай-ақ, олар бұл мерекеде бір-біріне тәтті тағамдар ұсынып, түрлі сыйлық жасайды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу