«Полициясыз ба?» – Жалған тәртіп сақшысы ұсталды
8eb5b987-6b81-4a4d-b432-6cab5b7d0cc7
Орал қаласында өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ азамат ұсталды. 13 -ші маусымда белгісіз тұлға өзін Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерімін деп таныстырып, 1983 жылы туған әйелді «айыппұл төлеу керек» деген жалған уәжбен алдап, ақшасын иемденген.Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 17 маусым күні күдікті қолға түсті. 1995 жылы туған азамат БҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлерінің бірлескен операциясы барысында ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады.Тінту кезінде екі ұялы телефон мен банк қосымшасынан үзінді көшірме тәркіленді. Қазіргі таңда бұл дерек ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Ішкі істер органдары құқық бұзушылықтың кез келген түріне тосқауыл қою мақсатында жұмыстарды жалғастыруда.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру