ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАЙДЫ»
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланысты орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 19 және 20 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізіледі.
Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдайды. Арнайы жабдықталған автобустарда тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер огандарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Облыс бойынша барлығы 20 мобильді азаматтарды қабылдау пункті қызмет көрсетеді. Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан қабылау, жол техникалық бақылау және әкімшілік практика бөліністерінің басшылары да жұмыс істейтін болады.
Акция 19-20 шілде аралығында Орал қаласы Әбілхайыр хан даңғылы, 159 мекенжайы бойынша «Аяжан» сауда үйіне қарсы жерде және Чапаев көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша «Чапаев алаңында», «Ақжол» гипермаркетіне қарсы жерде сағат 10:00-ден сағат 19:00-ге дейін жалғасады. Осы күндері 98-40-18, 8775-688-78-28 телефондары жұмыс жасайды.
Сонымен қатар осы күндері Орал қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен, тұрғын үй инспекциясымен, пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп, азаматтарды мобильді қабылдауды келесі мекен-жайларда өткізеді:
2019 жылдың 19 шілдесінде:
– Қонаев көшесі, «Жеңіс» СҮ аумағында сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін;
– Строитель ықшам ауданы, Циолковский көшесі, №4, №6 үйлердің аулаларында сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
2019 жылдың 20 шілдесінде:
– Құрманғазы көшесі, №173 үйдің ауласында сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін;
– Еуразия даңғылы, №57 үйдің ауласында сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печати
Пікір үстеу