ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ИТЕРМЕЛЕЙТІН ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ КЕРЕК
28 қаңтар күні облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, оларды болдырмау мәселелері бойынша жиын өтті.

Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаев, Полиция департаментінің бастығы М.Н.Аблазимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Н.И.Самет өз сөзінде: «Басқа да айтылған ұсыныстармен қатар, Полиция департаментімен бірлесіп, бұрын сыбайлас жемқорлық жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің психологиялық және криминалогиялық портретін жасақтауды ұсынамын және бұл жұмысқа ғылыми тұрғыдан қажетті эксперттерді кеңінен тарту қажет. Бұл тұлғаларды не біріктіреді, мүмкін олардың қоршаған ортасы, төмен жалақылары, материалдық жағдайлары мен басқа да өмірлік жағдайларын және т.б. анықтау қажет. Бұл бізге сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлар мен себептерін терең зерттеп, олар бойынша нақты жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.
Өз кезегінде М.Н.Аблазимов айтылған ұсыныстарды қолдап, белсенді қоғам өкілдерімен бірлесіп осы бағытта жұмыстар атқаруға дайын екендігін жеткізді.
Шара соңында облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Полиция департаментіне өңірлік ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және жою бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын жасақтауға ұсыныс берді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу