ПОЛИЦИЯ БӨЛІНІСТЕРІ БАСШЫЛАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖОЛДА ҚАБЫЛДАЙДЫ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланысты орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 17-18 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізіледі.

Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдайды.
Барлық аудандарда арнайы жабдықталған автобустар болады. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан қабылдау, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика бөліністерінің басшылары да азаматтарды қабылдайды.
Акция 17-18 мамыр күндері Орал қаласы бойынша Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайы бойындағы Мамандандырылған Авто халыққа қызмет көрсету орталығы алдында және Чаган-Набережный көшесі, 84 мекенжайындағы Халыққа кызмет көрсету орталығы алдында өткізіліп, сағат 10.00-ден сағат 19.00-ге дейін жұмыс жасайтын болады.
Осы күндері БҚО ПД-ның 98-40-18, +7 747-292-95-30 «қауырт желі» байланысы жұмыс жасайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу