8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2024 3053 0
Қоғам

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Депутат Жұлдыз Сүлейменова әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заңда зорлық-зомбылық, ұрып соғуға жаза күшейтілетінін айтты.

Кәмелетке толмаған не дәрменсіз күйдегі адамды азаптау, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін жазаның «бас бостандығын шектеу» балама түрі алынып тасталып, тек бас бостандығынан айыру жазасы ғана қолданылады.

“Балалардың құқығын қорғау саласында 2 жаңа норма қарастырылды. Жаңа редакцияда педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды. Кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Азаптауға байланысты жаңа норма жаңа құрамда қарастырылды, жаңа редакцияда азаптау үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды”,- деді депутат.

Сондай-ақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК дейін айыппұл түріндегі жаза не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.

«Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар қарастырылған. Егер 2017 жылдан бастап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде болған 73-1 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін, 73-2 бабы ұрып-соққаны үшін баптар Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінен алынып, сәйкесінше, Қылмыстық Кодекске 108-1 бабы: Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, 109-1 бабы: Ұру жаңа баптары криминализацияланып, енгізіліп отыр», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Депутат атағандай, ұрып-соққаны үшін 80 АЕК-ке дейін айыппұл не 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу. Екіншіден, кәмелетке толмаған не дәрменсіз күйдегі адамды азаптау, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін жазаның «бас бостандығын шектеу» балама түрі алынып тасталып, тек бас бостандығынан айырылады.

Депутат ондай әрекеттер жайлы айтты:

  • екі немесе одан да көп адамға жасалса;
  • осы адамның қызметтік немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышты орындауына байланысты адамға немесе оның жақындарына;
  • кінәліге көрінеу, дәрменсіз күйдегі не кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға;
  • адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы;
  • бұзақылық ниетпен;
  • әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық негізінде;
  • бірнеше рет;
  • көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты – 1 жүзден 2 жүз АЕК ¬ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 жүзден 2 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30-дан 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

«Заң жобаларының бірнеше маңызды аспектілеріне тоқталар болсақ, осы жерде бір мәселеге баршаңыздың назарларыңызды аударғым келеді, бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірілген және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар болмауы үшін, азаматтардың жауапкершілігін күшейту. Жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды. Сонымен қатар, жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды», – деді Сүлейменова.

Кәмелетке толмағандарға қатысты немесе отбасында әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың мінез-құлқына ерекше талаптар қолданылады. Атап айтқанда, сот шешімі бойынша олардан медициналық ұйымдардан психологиялық көмек талап етілуі мүмкін. Сондай-ақ зорлық-зомбылық деректерін уақытылы анықтау үшін уәкілетті органдардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламаларға ден қою мүмкіндігі қарастырылған.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
24 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
241 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
734 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1111 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1051 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1472 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2089 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2256 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2262 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2317 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1965 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2796 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2849 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2845 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3455 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3427 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3413 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3391 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3601 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»