ПЕДАГОГТАР ЦИФРЛЫ ФОРУМДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Әдістемелік лайфхак» облыстық цифрлы форумы аяқталды. Күн тәртібіне қазіргі кездегі еліміздің барлық мұғалімін толғандыратын мәселелер қозғалды – білім беруді трансформациялау, мектептердегі цифрлы орта, оқушылардың белсенділігін арттыру, заманауи мұғалімге қойылатын жаңа талаптар және т.б.

– Форум қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар және мектебіміздің бастамасымен жүзеге асқан «Жаңа заман мұғаліміне арналған цифрлы гайд» жобасы кезеңдерінің бірі болды. Цифрлы құралдар педагогтар үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудың заманауи әдісіне айналып отыр, – деді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев өзінің алғысөзінде.
Форумның хедлайнері, «Назарбаев қорының» білім беру саласындағы бас сарапшысы Назипа Аюбаева қашықтан оқыту кезеңінде мұғалімнің рефлексиялық практикасының маңызын атап өтті, сонымен қатар педагогтардың мектеп ішіндегі кәсіби дамуы оқушылардың білім алуына тиімді әсер ететінін жеткізді. EdCrunch University НИТУ «МИСиС» орталығының директоры Нұрлан Қиясов цифрлы алшақтықты қайта қарастыру, технологияны пассив қолданудан белсенді пайдалануға көшу және мектептегі цифрлы білім беру ортасын қалыптастыру ерекшеліктерін ескеруге шақырды.
Білім беруді трансформациялау тақырыбындағы панельді пікірталаста Қазан қаласындағы А.Н.Туполев атындағы ҚҰЗТУ жанындағы инженерлік лицей директорының орынбасары Индир Халиков, Оралдағы педагогикалық шеберлік орталығының менеджер-әдіскері Гүлнара Есмагулова және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының орынбасары Зинур Мұхтар баяндама жасады. Форумға қатысушылар әртүрлі заманауи ресурстардың ішінен тиімді цифрлы құралды қалай таңдауға болады, еңбек нарығы алдағы жылдарда қалай өзгереді, виртуалды әлем шынайы әлемге қалай әсер етеді, табысты офлайн жобаны табысты онлайнға қалай айналдыруға болады және қазіргі таңдағы мұғалімдердің практикасындағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
«Цифрлы гайд» лайфхактар павильонында Зияткерлік мектептің үздік мұғалімдері Pear Deck, LINOIT онлайн тақтасы, CLASSTIME, WORDWALL, Mindmeister сервистері сияқты онлайн-платформалар, пайдалы веб-сайттар, лайфхактар мен ұтымды шешімдерді таныстырып, олардың сабақта тиімді қолданылуын көрсетті. «Сандық сабақ» сессиясында облыстық жалпы орта мектеп мұғалімдері постер түрінде зерттеулерін ұсынды.
Форум соңында NIS мұғалімдерінің АКТ дағдыларын дамыту, қашықтан оқытудың озық тәжірибесін тарату және мұғалімдердің шығармашылық бастамасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Үздік онлайн-сабақ» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы белгілі болды.
Қазіргі заман сабағы – мұғалімнің монологы емес, пікірталас, зерттеу мен тәжірибе алаңы. Мұғалім жетекшілік етеді, ынталандырады, белсенді оқуға жағдай жасайды. Сол себепті мұғалімдердің кәсібилігіне қойылатын талаптар да артып келеді – енді олар заманауи оқыту әдістерін қолдана білуі керек. Форум қатысушылары осындай ортақ пікірге келді.
Айдана ХАМИДУЛЛИНА,
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу