ПЕДАГОГ-ЖАНАШЫР

Иә, карантинге байланысты үйде отырсақ та, қарап отырмай түртіншектеп отыру әдетіміз қалмайды. Қағаздарымды, естелік суреттерді ақтарып отырсам, менің ғұмырымдағы сыйлы ағалардың бірі, ұстазым, қазір әріптесім, әріптестің ішінде жақыным, түрлі ғылыми жобаларда ақылдасып, бірге иық тірестіріп жүру бақыты бұйырған (бізге) ізденімпаз тұлға, еңбекқор жан Зейнолла Жақсылықұлының мерейлі алпыс жасы келіп қалғанын аңғардым. Бұл ғалым-ғұмыр туралы жазбау мен үшін қиянат болар еді. Себебі ағайдың шәкірт тәрбиелеуде өзіндік дара жолы бар.
Сонау 2002-2003 жылдары 4-курста оқып жүрген кезімізде Зейнолла Жақсылықұлын алғашқы рет көрдік. Үшті аяқтап, төртінші курсқа кеп қалған, бәрін оқып тауысқандай өрекпіген «мен білемге» салынып жүрген кезіміз. «Түркі халықтары әдебиеті» пәнінен сабақ беретін ұстазымыз, университетіміздің ақсақалы (елуінші жылдардан кейінгі кафедраға келген шалдардың біз көрген соңғы тұяғы) Қалимолла Мырзағалиев ағамыз сырқаттанып қалды. Көп ұзамай о дүниелік болды. Өте сабырлы, жайлы, сондай таза адам болатын. Жаны жәннатта болсын. Міне, сол кісінің орнына мұрты қияқтай, шашы сары, жұқалтаң келген сол кезде қырықтан енді асқан жігіт ағасы келді.
«Бір-бірінің аузын жалап үйренген қазақ жаңалыққа зәру емес» (Рақымжан Отарбаев) демекші, қазақтың әңгімеге үйірлігі бесенеден белгілі ғой, оның ішінде филфакта әңгіме жерде жатпайды. Желден де жүйрік тарайды. Қазіргідей телефон жоқ болса да, білмейтіні жоқ, жеті қабат жер астындағыдан хабардар «кәсіби мамандар» болады. Солардың айтуы бойынша, ағайдың өзінен бұрын бізге дақпырты жетті.
С.Сейфуллин атындағы мектепте еңбек еткен жоғары санатты мұғалім, Білім ісінің үздік қызметкері, «Жыл мұғалімі» деген атақтарынан бөлек, мектепте жүріп-ақ ғылыми диссертация қорғаған Қазақстандағы тұңғыш ғылым кандидаты, ғалым деген атағы бар дардай.
Қорғаған тақырыбы анау-мынау емес, Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы. Фаризаның ақын ретіндегі шығармашылығы бір бөлек әлем болуымен қатар, адамдық келбеті, ақынның айналасына қатаң талапшылдығы туралы естіген-білгеніміз тағы бар. Ал ағай ақынның лирикасын бүге-шүгесінен зерделеп, ақынның өзінен көзі тірісінде батасын алған. Ақын Ф.Оңғарсынова «Мен саған ғашық емес ем» өлеңдер жинағына «Зейнолла, айнам, рахмет, ризамын!» деп жүрек жарды тілегін жазып беріп, кітабын ұсынса, ақынның ғалымға деген құрметін көруге болады. Жалпы Зейнолла Жақсылықұлы тумысынан дипломат адам. Марқұм Серікқали Шарабасов ағамыз өзінің жақсы көретін адамдарына жанама ат қойғанды жақсы көретін. Зекеңді «Жезмұрт», «Алаш Орда» деп отырушы еді, әрі сырымдықтардың бәрі ағайға балдыз болатын.
Марқұм болған Қалимолла Мырзағалиев ағайымыздың сабағын жалғастырып кеткен ұстазымыз студенттерді тез игеріп, төртінші курспыз деп жүрген көбімізді өзінің білім, біліктілігімен, сабырлы көркем мінезімен сабамызға түсірді. Осылай ұстаз шәкірт болып басталған таныс-білістігіміз кейін, әріптестік, аға-інілі сыйластық, тіпті ағайдың қасында университет бітіріп қолымызда күректей диплом болса да, өмірлік сабақтарды үйрене жүріп ғылым жолына деген қызығушылық, бағыт-бағдар сілтеуде көрсеткен қамқорлығын мен ешуақытта ұмыта алмаймын.
Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 7 мамыр күнгі №17 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу