28 Наурыз 2019 1509 0
Қалалықтар қаперінеПарламент көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған заңды қабылдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
«Екі заң жобасы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту мәселелеріне арналған. Сонымен бірге, ілеспе заң жобасына әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша тиісті құқықтық нормалар енгізілген. Өздеріңіз жақсы білесіздер, жақында өткен әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында Елбасы көмекке аса мұқтаж көпбалалы отбасылардың әлеуметтік көмек алу мүмкіндігін биылдың 1 сәуірінен қалдырмай қамтамасыз ету қажеттігін тапсырған болатын. Түзетулер осы тапсырманы орындауға бағытталған», – деді Сенат спикері Дариға Назарбаева. Атап айтқанда, заң жобасы арнайы экономикалық аймақтар қызметінде жаңа тәсілдерді іске асыруға, индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін регламенттеуге және инвестициялар тартуға бағытталған. Бұдан бөлек, заң жобасында атаулы көмек көрсету критерийін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін арттыру, аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға арналған ең төмен төлемді 20 789 теңге сомасында белгілеу шаралары көзделген. Сондай-ақ құжатта мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған ай сайынғы жәрдемақыны және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күтіп бағушы адамдарға ай сайынғы жәрдемақынының мөлшерін 30 пайызға ұлғайту арқылы аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселесі ескерілген. Заң жобасының аясында білікті педагогтар, дәрігерлер, полицейлер және басқа да мамандар үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен берілетін ипотеканың бастапқы жарналарын жергілікті бюджеттен ішінара субсидиялау тетігі енгізіледі. Енді Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
https://www.inform.kz/kz/parlament-kopbalaly-otbasylardy-koldauga-arnalgan-zandy-kabyldady_a3511578
Версия для печатиhttps://www.inform.kz/kz/parlament-kopbalaly-otbasylardy-koldauga-arnalgan-zandy-kabyldady_a3511578
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
84 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
86 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
81 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
83 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
83 0

Кіру
Пікір үстеу