8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2020 1215 0
Өзек

ПӘТЕР ҰРЛЫҚШЫЛАРЫ ҰСТАЛДЫ

Орал қаласы ПБ және Абай Пб криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері өткен жылдың қараша айында  пәтер ұрлығына жол берген топты құрықтады. 

Бірнеше адамның пәтерінің есік терезелерін сындырып, енді бірінің пластик терезесін ішке қарай итеріп ашып, үй ішін емін-еркін аралап, үй иелеріне көп мөлшерде материалдық шығын келтірген.  Жедел уәкілдердің қолына түскен пәтер тонаушылар дәл осылай 10-нан астам ұрлық жасағандарын айтты. Мысалы, 2019 жылғы 22 қарашада таңғы сағат 07.00 мен 09.00 аралығында «Согласия» көшесіндегі бір үйдің терезелерін итеріп ашып, үйге кірген. Күміс алқа, ақша, 2 дана әшекейлі күміс білезік, 2 дана күміс алқа, сақина жиынтығы, 3 күміс сақина, ортасында тасы  бар 1 дана  алтын сақина, т.б. жеке мүліктерді қалталарына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. 1976 жылғы қожайын үйіне ұры түскенін сезіп, дереу басқармаға арыз жазды. Оған 200 мың теңге шығын келіпті. 1974, 1983, 1986 жылғы жігіттерден құралған топ бүгінгі күні ұрлық жасағандарын толықтай  мойындап отыр.  Топтың құрамындағы 1983 жылғы В. есімді күдікті Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Орал қаласына келіп, достар тауып, бірлесіп пәтер тонауға келіскен көрінеді. Алайда, Оралға келіп, оңай олжа табамын деп дәнденіп жүргенде тұтылғанын білмей қалды. Осылайша, 10-нан астам пәтер ұрлаған екен.

Бүгінгі күні Абай Пб ҚР ҚК нің 188 бабының 2  бөліміне сай қылмыстық іс қозғады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
138 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
382 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»