8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2019 3166 0
Өзек

ОТБАСЫНДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын және рецидивті қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, Батыс Қазақстан облысында қылмыстың алдын алу және жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық қызметін күшейтіп, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылғы 7-13 тамыз аралығында облыс аумағында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

«Тұрмыс» іс-шарасы ішкі істер органы тарапынан профилактикалық есепке алуға жататын адамдарды анықтап, есепке алу, есепте тұрған маскүнемдер, нашақорлар, отбасы бұзақылары, шартты сотталғандар, бұрын сотталғандарды тексеру, олармен жеке-профилактикалық жұмыстар жүргізу, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығып, ІІО-ның есебіне тұрмай жүрген адамдарды анықтап, есепке алу, олардың өмір салтына бақылау жасауды қамтамасыз ету, есепте тұрғандардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу сынды мақсаттарды қамтыды.

Аталмыш іс-шара басталғанша 2019 жылдың 7 айында басқармаға келіп түскен өтініштер тексеріліп, 63 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталды. Осынау 63 арыз иесі басқармаға шақырылып, жауапты қызметкерлер  кеңестер берді. Шара аясында  анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы тоқталсақ, ҚР ӘҚБтК-тің 73 бабымен, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты 63 тұлға тіркелді, 442-баппен, яғни,  кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуымен 16 азаматқа хаттама толтырылды. 440-бапқа сай, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келумен 62 тұлға белгілі болды.  Кодекстің 461-бабына сай 4 тұлға  қорғау нұсқамасын бұзды.

«Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы барысында  жауапты тәртіп сақшылары құқық бұзушылыққа бейім адамдармен профилактикалық әңгімелесулер өткізіп, дәрістік іс-шаралар өткізді.  Тұрғылықты жері бойынша 216 қолайсыз отбасы, 356 нашақор, 472 алкоголь ішімдігіне  бейім азаматтар тексерілді.

 

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»